АҚШ санкциясы Солтүстік Кореяның дипломатиясына кері әсер етуі мүмкін
АҚШ адам құқықтарын елеулі түрде бұзуды жалғастырды және цензура жүргізді деген айыппен Солтүстік Кореяның жоғары дәрежелі үш лауазымдысын санкция тізіміне енгізді. Бұл туралы VOA ақпараттық қызметі хабарлады.
АҚШ Қаржы министрі Мнучин мәлімдемесінде, кезекті санкция тізіміне ілінген 3 лауазымды басқарған мемлекеттік органдар ұзақ уақыттан бері халықтың бас бостандығы мен құқығына қол сұғып, бақылауда ұстап келді деп айыптаған. Ол және: «АҚШ әрқашан Солтүстік Корея режимінің адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын бұзғаны үшін сұраушы болады», – деген.
АҚШ-тың кезекті санкциясына Солтүстік Кореяның Ұлттық қауіпсіздік департаментінің меңгерушісі, Ұйымдық басшылық бөлімі және үгіт-насихат бөлімінің басшылары кірген. Санкция талабы бойынша, аталған тұлғалардың АҚШ-тағы мал-мүлкі мұздатылады және америкалықтармен бизнес жүргізуіне шектеу қойылады.
Бұл АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы енді ғана жақсарып келе жатқан дипломатияға өзіндік кері әсерін тигізуі мүмкін. Құрама Штат тарабы Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тартумен бірге адамдық құқық мәселелерінің АҚШ талаптарына сай болуын қалайды. Алайда бұл енді ғана бетбұрысқа келген Солтүстік Корея режимі үшін жаулық саясаты ретінде қабылдануы ғажап емес.