Тасмағамбетов мінезіне байланысты президент бола алмады — Ертісбаев
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі, Қазақстанның бұрынғы мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев Елбасының 2000 жылдардың ортасынан бері президент лауазымынан кету туралы ойлары болғаны туралы айтып берді, деп жазады kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ответь Бажкеновой» жаңа шығарылымында Ертісбаев Назарбаев президент болуға Тоқаевтан басқа да үміткерлер болғанын айтып берді.
«Тоқаев жалғыз үміткер емес еді. Басқа да адамдар болған. Бірінші кезекте, әрине, Тасмағамбетов. Тасмағамбетов президент көмекшісі де, сенімді адамы да, Атырау облысы мен Алматы әкімі де болған», – деді саясаткер.
Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша, Иманғали Тасмағамбетов мінезіне байланысты президент бола алмады.
«Бұл жерде мінезі үлкен рөл атқарды. Тоқаевтан қарағанда Иманғали қатал және қамкөңіл мінезді. Психологиялық үйлесімділік деген термин бар. Бір кездері бәрі жақсы болды. Сосын бір жыл, екі, үш, бес, жеті жыл өтеді. Проблемалар пайда бола бастайды. Менмендік шығады. Алғашқы күдіктер пайда болады. Бұны түсіндіру өте қиын… Ең соңына келгенде – бұл Назарбаевтың таңдауы!» – деді Назарбаевтың экс-кеңесшісі.