23-қабаттан секірген жасөспірім аман қалды
Чувашиядағы Новочебоксарск қаласында 23-іші қабаттан секіріп кеткен бала аман қалды. Ол тұрақта тұрған көліктің үстіне құлаған. Оқиға болған жерде түсірілген сурет Mash Telegram-арнасында пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Mash-арнасындағы жазба сипаттамасынада 11 жастағы бала 23-қабаттағы терезеден секіріп, тұрақта тұрған «Газель» көлігінің үстіне құлағаны жазылған. Ол жасөспірімнің тірі қалуына себепкер болған. Қазіргі уақытта бала реанимацияда жатыр.
Бұл әрекетке ол құрдасына айтқан сөзінің «жаны бар» екенін дәлелдеу үшін барған. Ол туралы жасөспірім хатында жазған. Mash-арнасы жазбаны өзгеріссіз жариялады.
«Ана, әке, мен сіздерді қатты жақсы көремін. Жыламаңыздар, жарай ма? Сіздерге өтінішім бар. Саша өскен кезде үлкен ағасы болғанын айтпаңыздар. Тек 18-ге толғанда айтыңыздар. Ана маған керемет балалық шақ сыйлағаныңызға рақмет. Әке, өтінемін жыламаңыз. Мен өзім секріп кеттім. Өйткені мен Андрейге: «Сен Сонямен үйленсең, мен төбеден секіремін. Оған бұл туралы айтсаң, мен шынымен секіріп кетемін», — дедім. Андрей маған сенбеді. Айтқандарымды әзіл деп ойлап, оған бәрін айтып берді. Ал мен 25-қабаттан секіруге шықтым. Кейін неге секірдің деп сұрайтын шығарсыз. Өйткені мен «жігітше сөз бердім!»
Айта кетейік, 2020 жылы 140-тан аса қазақстандық бала өз-өзіне қол жұмсаған.