Омар Жәлел: Қыз бала ғылымды бірінші орынға қойса бақытсыз боп қалады

0

Абайтанушы ғалым Омар Жәлел қазақстандық қыз-келіншектердің карьера қуып, отбасын құрмай қалуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол «Қасқа жол» каналына берген сұхбатында айтты.

«Енді бұл жерде де жаңсақ түсінік. Мен қыз балаға оқыма деп айтқан жоқпын. Егер адам тек ғылымды бірінші орынға қоятын болса, ғылым жолында кетсе, ғылым жолында бәрін құрбандыққа шалса, жеке басы бақытсыз болып қалады. Бұл біздің қоғам үшін өте зиянды.

Қазақта қыз мұраты деген ұғым бар. Мұрат деген сөз — жаратылыс мақсаты. Содан ол өзінің жаратылыс мақсатынан айнымаса, ғылыммен айналыссын, карьера жасасын, депутат болсын, академик болсын құба-құп.

Бірақ сол өзінің жаратылыс мақсатын, мұратын құрбандыққа шалатын болса — бұл біздің қоғам үшін зиянды.

Ғабит Мүсіреповтің бір жақсы сөзі бар. Ең жаман әйелдің қолынан дүниеге адам әкелу келеді. Ең жаман әйелдің, түсінесіз бе? Ал ең мықты еркек, ең супер еркек сол ең жаман әйелдің істеген іс-әрекетін істей алмайды, дейді. Сондай ойды оқисыз астарынан», — дейді ол.