Ақтөбеде менингит жұқтырған оқушының жағдайы ауыр
Ақтөбеде менингит жұқтырған 11-сынып оқушысы ауыр халде жатыр.
Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта ол мектепте карантин жарияланды.
«Оның менингит жұқтырғаны жайлы біз 3 желтоқсанда білдік, демалыс болатын. Сол күні емхананың сұранысымен біз сол сыныпта оқитын 21 оқушы мен сол сыныпқа сабақ беретін 12 мұғалімді тексерістен өтуге жібердік. Нәтижесін бүгін ғана алдық. Баланың 26 қарашада ауырғаны анықталды. Ол сабаққа 1 желтоқсанға дейін келіп жүрді, ештеңе байқамадық. Барлық сабаққа қатысып жүрді, температурасы да болған жоқ», – дейді №20 мектептің директоры Бағдат Орымбаева.
Директордың айтуынша, ол оқушының ата-анасымен күнделікті байланыста.
«Әкесінің айтуынша, баланың жағдайы тұрақты ауыр. Бірақ қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінен ауыстырылды, палатада жатыр», – деді Орымбаева.
Дереккөз: sn.kz