Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру

0

Мазмұны 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………5

І Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық

негіздері.

  • Қазіргі салық жүйесіне сипаттама және бюджет салық саясаты……6
  • Ақша айналысы және ақша жүйесі………………………………………………..9
  • Ақша-несие саясатының мәні мен құралдары……………………………….13

ІІ  Бюджет – салық және ақша-несие саясатының  үйлестіру механизмі.

2.1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі…………………………………..17

2.2. Салық органдарының қызмет етуінің шарттары мен

себептері және олардың Қазақстанның   нарықтық

экономикасының аяқтанудағы ролі…………………………………………………..22

2.3. Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру

механизмі……………………………………………………………………………………………30

Қорытынды…………………………………………………………………………………………….34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………36

Кіріспе

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажетгігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтаңдырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өңдірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптас-тыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады, бюджет қатынастары мемлекеттің орталық-тандырылган ақша қорында — бюджеттік қорында затталынады.

І Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық

негіздері.

1.1.Қазіргі салық жүйесіне сипаттама және бюджет салық саясаты.

Салық жүйесін мемлекет пен және заңды тұлғалар арасындағы қатынастарының жиынтығы, салықтар мен алымдар, салык, салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа  қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.

Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске-асуына мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасының  1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылдаңған «Қазақстан-Республикасындағы салық» Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін  алғашқы бастамасы болып табылды. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейлігі.      Осы  мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Оларды атап айтсақ:

-шаруашылықты жүргізудің еркіндігі;

-меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі;

-шаруашылық жүргізуші субъктілер мен мемлекет арасындағы қатыстардың қүқықтык, негізде жүргізілуі т. б.

Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтың түрлерін, олардың, бюджетке тусу тәртібін белгілеген түңғыш тарихи құжат болып есептеледі.

Осы заң бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, республикалык, және жергілікті басқару органдарының да салыққа байланысты қызметтері, қүқықтары мен міндеттері айқын бекітілді.

Қабылданған   Заңға    сәйкес    1992    жылдың    бірінші  қаңтарынан Қазақстан Республикасында:

13 — жалпы мемлекеттік салықтар;

11 — міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар;

18 — жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

Салықтар негізін пайдаға салынатын салық, табыс салығы, қосылған құнға салыпатын салық және т. б. салықтар құралады. Қазақстан Республикасының салық, жүйесін құруда алғашқы тарихи құжат болған жоғарыда көрсетілген Заңның ел экономикасын реформалаудағы маңызы мен алар орны ерекше. Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа қүбылыста кездесетін ерекшеліктермен  қатар кемшіліктер де бұл Заңда да тыс қалмаған сияқты.  Яғни  Қазақстан Республикасының  алғашы  құрылған    салық    жүйесінде    бірқатар   шешуін   таппаған мәселелер, кемшіліктер мен жетіспеушіліктер аз емес. Әрине, бұл кемшіліктердің түрлі себептері де бар. Басты себеп, ол біз салық жүйесін қүрғанда елімізде жиынтықталған ғылыми немесе практикалық тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі органдары да, салық төлеушілер де мұндай  жаңа        қадамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көріңй Еліміздің алғаш қабылданган салық жүйесінде біз жоғар айтып кеткен дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық принптері сақтамалды. Сондықтан бұл салық жүйесін нарықтық қатынастардық талабына толығымен жауап беру мүмкіндігі болмады. Ең бастысы салық жүйесінің  өндірісті дамытуға ешқандай ықпал етпеуі, бюджет кірісін құраудағы өз рөлін жете атқара алмауы,    яғни салық көзі табыс немесе пайда емес, керісінше е тұтыну болып табылды. Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салык, жеңілдіктері, салык, ставкаларының бір салық бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салудың негіздерінің тыс қалуы және т. б. кемшіліктер салық жүйесінің одан ары қарай реформалаудың қажет екенін айқын көрсетті. Әрине бұл өмір талабына сай. Экономиканы реформалау 1-2 жылдың ішінде мүмкін еместігін баршамыз түсінеміз, сондықтан салық жүйесі де біртіндеп қалыптасады, түзеледі, ары қарай дамиды. Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бүл құжатта, негізінен, салық жүйесін салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкес қызмет етуге жеткізу көзделген. Осы концепсияны іс жүзіне асырудағы бірінші кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 24. 04. 95 жылы қабылданған Заң күші бар „Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Жарлығы болып табылады. Қазақстан Республикасында 1995 жылдың бірінші шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршама болса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылған. Енді бұрын қызмет еткен 42 түрлі салықтар мен алымдардың саны едәуір қысқартыльш, жалпы салықтар мен алымдар саны 11-ге жеткізілген. Салықтың ең басты түрі болып табысқа салынатын салық, яғни пайда емес табыстан салық алынатын болды.    Салық салудың негізгі принциптері сақталып, салық салуда қарапайымдылық әділеттілік, салыстыру принциптері біршама  өз шеішмін тапқан.

1.2. Ақша айналысы және ақша  жүйесі.

Ақша реформасы валюталардың тұрактылығын, ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің (толық немесе ішінара) жаңғартылуын көрсетеді. Жаңа ақша бірлігін енгізумен байланысты акша реформасы -экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден-бір шарасы және оның кезекті тұрақтылығын көрсетінін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан, Қазақстанда 1993 жылы жүргізілген ақша реформасы мемлекеттің экономикалық саясатымен тығыз байланысты. Ол макроэкономикалық тұрактылыққа және кезекті ақша-несие, баға, салық және инвестициялық саясаттың табысына жету мақсатымен жүргізілді. Әлемдік тәжірибеде ақша реформасы нуллификация, ревальвация, девальвация және деноминация әдістерін қолдануды қамтиды. Латынның «nullificatio» сөзінен нуллификация шығады және ол «жою» деген мағынаны береді. Нуллификация кезінде айналымдағы бұрынгы өте құнсызданған ақша белгілері жойылып, оның орнына жаңалары енгізіледі. Осы процедура есепке алуды жеңілдетеді, ейткені материалдық құндылыктардан іске аспаған ақшалай қаражаттар мен жинақ акшалардың барлығы іс жүзінде жойылады. Қазакстанда ақша реформасы нуллификация әдісімен- жүргізілді, яғни ескі құнсыздалған кеңестік рубльдер айналымнан толық шығарылып, жаңа Қазақстандық акша белгілері — теңгелер енгізілді. 16 жасқа толған адамдардың бірі ауыстырып алатын мүмкіндігі бар ең жоғары шамадағы ақша өлшемі 100 мың рубльді құрады. Ауыстыру тек бір рет қана жасалды, ол туралы паспортта белгі қойылған болатын.

Дееальеация латынша «de» — төмендеу, «valко» — тұрмын дейтін сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің немесе ұлттық ақша бірлігінің бағамын шетел валюталарына қатысты алтын мәнінің төмендеуін білдіреді.

Қазақстанда, 1999 ж. қыркүйегінде Оңтүстік-Шығыс Азия мен Ресейдегі экономикалық дағдарыспен байланысты, америка долларына қатысты теңге бағамының төмендеу жолымен ақша девальвациясы болды (егер 1999 ж. қыркүйегіне дейін теңгенің долларға қатысты курсы 76 теңге болса, ол 130 теңге дейін түсті). Аталған шара отандық өнімнің өндірісі мен тұтынуда өте жағымды рөлін атқарды, сондай-ақ шетел валюталары мен инвестициялардың құйылуына себеп болды.

Ревальвация латынша «rе» — жаңару және « vаlко» — тұрмын дейтін сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің бұрынғы алтын мәнін қайта қалыптастыруды немесе ұлттық валюта бағымының шетел валютасымен салыстырғандағы жоғарылауын көрсетеді, яғни девальвацияға қарама-қарсы.  Қазақстанда теңгенің ревальвациясы, мұнай мен металга элем бағаларының күрт өсіп шетел ватютасының көп ағылуына байланысты 2003-2005 жж. болды. Егер 2003 ж. дейін теңгенің бағамы АҚШ долларына қараганда 155 теңгеге дейін өссе, соңғы 2 жылда (2003-2004 жж.) ол 1 АҚШ долларға І30теңгеге дейін түсті.

Латынның «denominatio» сөзін аударғанда деноминация «қайта атау» дегенді білдіреді және арақатынасы бойынша жаңа акша бірліктеріне ауыстыру жолымен акша белгілерінің көрсетулі құнын ірілендіруді, яғни ескімен салыстырғанда жаңа бір атаулы ақша бірлігінің номиналды сатып алу кабілетін көтермелеу жолымен бағалар масштабын ірілендіруді керсетеді. Деноминацияның негізгі қызметі айналымда ақша жиынының номиналды кемуі болып табылады, нәтижесінде есепке алу жеңілдейді, айналым шығындары қысқарады және ақша айналым жүйесі реттеледі. Деноминация тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің, тарифтердің, жалакылардың, зейнетақы мен жәрдемақының банктің есепшоттарындағы қаражат қалдықтардың және т.б. бағаларга сәйкес бір мерзімде қайта есептеумен қоса жүреді.

Деноминация бүгінгі таңдағы Қазақстанда өткізілмеген, бірақ Ресейде 1998 ж. ол 1000/1 сәйкестілікпен жасалған (реформаға дейінгі 1000 руб.жаңа I руб.).

Қазақстанда ақша реформасын өткізу қажеттілігі бірқатар ерекше себептермен түсіндіріледі:

-көп жыл бойы әкімшіл-әміршіл және жоспарлы орталықтандырылған шаруашылық жүйелері халық шаруашылыгының барлық салаларында сәйкессіздіктің туындауына себеп болды. Оның ішінде, тұтыну заттарының өндірісіне қарағанда өндіріс құралдарының өндірілуі басым. Экономика шикізаттарга бағытталды, Қазақстан КСРО-нің бірден-бір шикізат көзі болды, инфракұрылым қалып жатқан кезде кентау өндірісі дамуға бет алды;

-бағалау көп жағдайда төмендеген немесе нақты орындалған деңгейден қалмауга тырысқан кезде жоспарлы және мемлекеттік тапсырмаларды орындау дәрежесіне қарай өткізілді, бірақ бұл жалақы және басқа ресурстардың қор шамасында көрінген жоқ. Сонымен, экономика тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтыратын шаруашылықты жүргізудің шығын механизмі кұрылды;

-орталықта бекітілген баға өнімнің өзіндік құнынан көп артта қалып отырды, ал кәсіпорындардың шығындары мемлекетті ақшалай көмегімен жабылып отырды.

-экономикның шығындылығынан, үлкен өнімсіз ысыраптардан мемлекеттік бюджеттің тапшылығы туды. КСРО ыдырауы, экономика кұдырауы, КСРО акша жүйесінің құлауы, Қазакстанның рубль шеңберінен шығарылуы, ұлттық ақша жүйесінің болмауы — Қазақстанда ақша реформасын өткізу қажеттілігінің басты себептері болды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына байланысты ұлттық ақша жүйесін кұру үшін ақша реформасын өткізу керек болды. Ол «Қазакстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 ж. 12 қарашада шыққан ҚР Президентінің Жарлығымен тәжірибеде жүзеге аса бастады. Осы Жарлықпен ұлттық валюта -теңге айналымға енгізілді. Ескі ақшаны теңгеге ауыстыру мерзімі 1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де бекітілді. КСРО Мембанктің 1961-1992 жж. рубльдері мен Ресей банкінің 1992 ж. рубльдері қолма-қол ақшага ауыстырылуы, сондай-ақ рубль есепшоттары, салымдар және міндеттемелер 500 рубль үшін 1 теңге ауысу бағамымен ауыстырылды. 16-ға толган жэне одан ересек Қазакстан азаматтарының барлығы 100 мың рубльден аспайтын соманы ауыстыра алатын. Ауысым тек бір рет жасалды. ҚР Ұлттық банк теңгенің валюталық бағамын бекітті: 1 АҚШ доллары — 4 теңге 70 тиын. Теңге 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100-дік купюралармен шығарылды. Бірінші қағаз ақша, кейін ұсақ тиындар шығарылды. Кейінгі жылдары инфляция бірден өсіп, оған сәйкес бағалар мен жалақыда көтерілді. Инфляциянын өсу қаркыны екі белгімен есептелді. 1994 ж. бастап 200, 500, 1000, 2000 теңге купюралары шығарылды. Мыс-никель қорытпасынан 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік ақшалар басылды. 1995 ж. аяғында «Жібек жолы» топтамасын құрайтын жоғары сапалы төрт алтын ақша шықты. Топтамаға 57,74 гр. жалпы салмағымен 1, 2, 5, 10 мың теңгелік алтын акшалар кірді. Топтаманың бағасы 816 АҚШ доллары болды.

1.3. Ақша несие саясатының мәні мен құралдары.

Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесіңде коммерциялық банктер ақша ұсы-нысын кеңейтеді. Банк жүйесі қүнды қағаздарды алып сатумен де айналысады.

Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міңдетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды жөне ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.

Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақ-тылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Ақша-несие — бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табы-лады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады. Ақша-несие саясатының түрлері

Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

  • рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
  • экспанциялық ақша-несие саясаты. Рекстрикциялық ақша-несие саясапгы — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатьш шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмеңдеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.

Ақырғы мақсат:

а)экономиканың өсуі;

ә) толық жұмысбастылық;

б)бағаны түрақтаңдыру;

в)төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:

а)ақша жиыны;

ә) пайыз мөлшерлемесі;

б) айырбас курсы.
Құралдары:

а)несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

б)есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;

в)ашық нарықтағы операциялар.

Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретіңде қарастырылады. Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама қүралдары арқылы жүзеге асырылады.  Бұл мақсаттарға жетуде Үлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келе-сідей ақша-несие саясатының негізгі қүралдарының көмегімен реттеледі: Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу; ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражат-тарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу; мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу; банктерге және үкіметке несие беру; валюталық нарықтағы басқыншылық; кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу; ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.  Пайыз саясаты. Қазақстан Ұлттық Банкі  өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қар-жыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделеңдіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады. ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.

 

ІІ  Бюджет – салық және ақша-несие саясатының  үйлестіру механизмі.

2.1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

Мемлекетгің орталықтаңдырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар — бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Бюджеттерді қарау және бекіту кезінде билік пен басқарудың тиісті оргаңдары бюджеттердің белгілі бір мөлшерлерін белгілеуі мүмкін.

Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы заңмен белгіленген. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысаңдары мыналар болып табылады:

мемлекеттік қарыздар шығару;

кредит ресурстарын пайдалану.

Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу — ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішіңде барлық баптар бойынша (қорғалатындарынан басқа) белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету — пайдаланылады. Бюджеттердің атқарылуы процесіңде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесін республика Парламенті мен биліктің жергілікті оргаңдары анықтап, бекітеді.  Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетгі қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеумет-тік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекегтік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен — айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түріндегі пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.

Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:

1)  түсімдерден;

— кірістерден;

— альшған ресми трансферттерден (грантгардан);

бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеуден;

2) шығыстардан және кредит беруден:
шығыстардан;

кредит беруден;

3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);

4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.

Өз кезегінде кірістер:

салықтық түсімдер;

салыққа жатпайтын түсімдер;

капиталмен жасалатын операциялардан алынатын  кірістер болып бөлінеді.

Бюджетгік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер бөлігімен (және бір уақытта санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады.

Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша (қайтару негізінде берілген — бұрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі болып табылады.

Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың шығыстарын қаржыландыруға жұмсалады.

Мемлекеттік борышқа қызмет ету жөніндегі шығыстар «борышқа қызмет ету» функционалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік мекемелерін — әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар — қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу және қарыздарды орналастырғаны үшін комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігін бөле отырып жүргізіледі.

Кейін бюджетке өтеу түрінде қайтаруға жататын, басқа эко-номикалық бірліктерді несиелендіруге арналған қаражаттар тиісті бөлікте — функционалдық топ болып табылатын несиелендіруде көрсетіледі.

Бюджет тапшылыгы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті — бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансферттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі.

Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі — бюджет тапшылыгын (профицитті пайдалану) қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып көрсетеді. Оның қос арналымы бар: тағалылық болған жағдайда — ішкі кездерден (Ұлттық банктен, коммерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойынша, шығыстарды жабуға бағытталатын жыл басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары) және сыртқы қарыздардан қаражаттар тарту;  профицит кезінде — жоспардан тыс түсімдерді, бірінші кезекте мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттік бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану. Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен айқыңдалады. Қаржы Министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптама — функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Ол кірістердің сыныптамасынан, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамаларынан тұрады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттің мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен, министрліктер мен ведомостволардың, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысын қамтамасыз етеді; жеке (дара) сметалар мен қаржы жоспарларын құрама сметалар мен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, құрама жоспарлар мен бюджеттің жазбаша тізбесі арасындағы үйлесуді қамтамасыз етеді. 1996 жылға дейінгі бюджеттік сыныптама мынадай бөліктерді қамтыды: бөлім, параграф, бап, тарау. Алайда ұзақ уақыт қолданылып келген сыныптама бюджет қаражаттарын жобалаудың, оған есеп жүргізудің және бақылаудың, сондай-ақ бюджет процесін жүзеге асырудың қазіргі заман талаптарына сай болудан қалды. Сондықтан 1996 жылдан бастап ол жаңа, халықаралық стандартқа сәйкес келетін сыныптамамен ауыстырылды. Жаңа бюджеттік сыныптамаға сәйкес кірістер енді төрт бөлікке жіктелетін болды, олар: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік.

 

2.2. Салық органдарының қызмет етуінің шарттары мен

себептері және олардың Қазақстанның   нарықтық

экономикасының аяқтанудағы ролі.

Мемлекеттің салықтық қызметі Қазакстан Республикасының салық жүйесі ауқымындағы салық салу процесін ұйымдастыруға және салық салуға байланысты барлык мәнжайларды (салықтар мен баска да міндетті төлемдердің шамасын және ставкаларын, салықтық төлем сомаларын есептеу және оларды бюджетке төлеу тәртібін, өздеріне қатысты заңи фактілер негізінде салықтық міндеттемелер жүктелген занды және жеке тұлғалардың шеңберін, салық жүйесінің барынша жұмыс істеу механизміндегі фискальдық және реттеуші функциялардың өзара іс-әрекетін, сондай-ақ олардың балансты болуын қамтамасыз етуге бағытталған, салықтық заң актілеріне негізделген, мемлекеттің объективті экономикалық кызметі болып табылады. Салықтар мемлекеттік кірістің (бюджеттің) ең мол түсім көздері болғандықтан олар қандай болмасын мемлекеттің өсіп-еркендеуінің материалдық ңегізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтық қызмет мақсатының басты бағыты салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттің қазынасын калыптастыру және мемлекеттің функциялары мен қоғам мүдделерін акшалай қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік салықтық қызмет аясы коғамның әлеуметтік-экономикалық инфра-құрылымын кұруға бағытгалған іс-кимылдарды қамтиды.

Мемлекеттің салықтық қызметі;

1) Мемлекет аумағындағы республикалық және жергілікті бюджеттерге алынатын салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді, олардың түрлерін, ерікті төлеу және мәжбүрлеп алу тәртібін белгілеу, салық жүйесі мен салықтық кұрылымдарды калыптастыру және олардың тиісінше жүмыс істеулерін камта-масыз ету, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық аясын салықтық реттеу жөніндегі мемлекеттің біртұтас өзінің немесе өзі айрықша уәкілеттілік берген мемлекеттік органдарының кызметі ретінде;

2) Барлық салық төлеушілердің өздеріне тиесілі салықтық міндеттемелерін дұрыс орындауларына жағдай жасау, салық әкімшілігін толыққанды жургізу, оның ішінде салықтык тексерулердің жемісті жүзеге асырылуына баса назар аудару, сондай-ақ занда көзделген келеңсіз сәттердің орын алуына байланысты салықтарды мәжбүрлеп алу жөніндегі арнайы уәкілетті салық органдарының іс-қимылдары мағынасында сипатгалады. Салықтық қызмет өзара тығыз байланысқан қүқықтық және экономикалық катынастардың жүйесінен тұрады. Жоғарыда айтқандай, мемлекет тиісті заңдар мен басқа иормативтік-құкықтык актілерді қабылдауы аркылы салықтар мен міндетті төлемдерді белгілейді, өзгертеді, жояды және олардың уақтылы, белгіленген мөлшерде бюджетке түсуіне бақылау жүргізеді. Демек, салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің белгіленуі және алынуы мемлекеттің салықтың қызметіне байланысты болады.

Мемлекеттің салықтық қызметі:

  • салықтар мен өзге де міндетті телемдерді белгілеу;
  • мемлекеттің салық жүйесінің қазіргі кезең талаптарына сай кұрылуына, онын экономикалық және қүқықтық негіздерінің тиімді болуына ат салысу;
  • салық төлеушілердің өз салықтық міндеттемелерін біржақты — ерікті орындауларына жағдай жасау және осыған орай салықтық бакылауды жүзеге асыру;

4)салық салу саласындағы мемлекеттік органдар мен арнайы салық органдарының жүйесін айқындау және олардын тиісті құзыреттерін белгілеу;

5)салық органдарының қызметтерін тиімді ұйымдастыру және салықтык қүқықтарын ұтымды белгілеп, жетілдіру;

  • салықтық міндеттемелердің айтарлықтай көлемде орындалмағанына орай олардың мәжбүрлі негізде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
  • салықтық зандарды бұзғаны үшін заңи жауапкершілік белгілеу және осы жауапкершілік шараларына кінәлі тұлғаларды тарту;
  • салық салу саласындағы салық органдары мен салық төлеушілердің қүқықтық және салықтық мәдениеттерін қажетті деңгейде қалыптастыру арқылы олардың материалдық мүдлелерінін мүмкіндігінше балансты болуына ат салысу; Отандық және шетелдік инвестициялардын мол және
    тиімді ағымының арнасын кеңейту мақсатында инвесторларға салық салу климатын жақсарту, тартымды жеңілдіктер беру және оларға қатысты салық әкімшілігін екі жактың (тараптың) мүдделерін есепке ала отырып жүргізу сияқты негізгі бағдар-бағыттар бойынша жүзеге асырылады.  Салыктық кызметті өздерінің кұзыреттеріне сай жүзеге асыратын мемлекеттік лауазымды тұлға мен уәкілетті органдарға:
  • ҚРПрезиденті;
  • ҚР Парламенті;
  • ҚР Үкіметі;
  • Жергілікті Мәслихаттар мен әкімдіктер;
  • ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
  • ҚР Қаржы министрлігі;
  • Қаржы министрлігінің Салық комитеті;
  • ҚР Қаржы министрлігінін Кедендік бақылау комитеті;
  • Астана, Алматы қалалары және облыстар мен аудандардағы және қалалардағы аудандар бойынша салық органдары жатады. Салықтық қызмет мемлекет аумағында жүзеге асырылатын болғандықтан, оған қатысатын осы уәкілетгі мемлекеттік органдар өз құзыреттеріне байлан-ысты мынадай тәртіппен орналастырылады:

1)мемлекетгік өкімет билігі органдары:

а) жоғарғы өкілді және заң шығарушы орган — КР Парламенті;

ә) жергілікті өкілді органдар — Мәслихаттар;

2)Мемлекеттік аткарушы билік (мемлекеттік баскару) органдары:

а) жалпы кұзыретті органдар:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі;
  • жергілікті әкімдіктер;

з) арнайы құзыретті органдар:

  • Каржы Министрлігі, оның тиісті басқармалары мен бөлімдері;
  • Каржы министрлігінің Салық комитеті;

3)Қаржы министрлігінің Кедендік бакылау комитеті.
Салықтық кызметтің негізгі құқықтық әдістеріне:

  • салық зандарын шығару;
  • салық зандарына тәуелді және сол зандарды атқару мақсатында нормативтік құқықтық актілер шығару;
  • жекеленген салықтық — құқықтық актілер шығару;

Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан Республикасының ұлттық қорында міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының,аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізілді.

КЕСТЕ1

Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің көлемі мен  құрылымы

                   Түсімдердің атауы    млн. тг           %
 ТҮСІМДЕР 722034 100,0
I.КІРІСТЕР 649000 89,9
Салықтық түсімдер 603396 93,0
Соның ішінде:
Корпоративтік табыс салығы 272632 45,2
Қосылған құнға салынатын салық 222161 36,8
Акциздер 6019 1,0
Салықтық емес түсімдер 39348 6,1
Капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер 6256 0,9
II.АЛЫНҒЫН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР 57630 8,0
III.КРЕДИТТЕРДІ ҚАЙТАРУ 15404 2,1

 

Дерк көзі: Қаржы Министірлігінің статистикалық бюлетені №6 маусым 2004ж.

КЕСТЕ 2

       Республикалық бюджет шығыстарының көлемі мен құрылымы.

    Млн. теңге        %
ШЫҒЫСТАР 773893 100,0
ШЫҒЫНДАР 734809 94,9
1.Жалпы сипаттағы  мемлекеттік қызмет көрсетулер 44066 5,7
2.Қорғаныс 40435 5,2
3.Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік 73822 9,6
4.Білім беру 23241 3,0
5.Денсаулық сақтау 19105 2,5
6.Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек 202043 26,1
7.Тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы 10321 1,3
8.Мәдениет,спорт,туризм және ақпараттық кеңістік 12879 1,7
9.Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану 8486 1,1
10.Ауыл,су,орман,балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау 43040 5,6
11.Өнеркәсіп және құрылыс 1395 0,2
12.Көлік және байланыс 59663 7,7
13.Басқалар 68345 8,8
14.Борышқа қызмет көрсету 34338 4,4
15.Ресми трансферттер 93630 12,1
КРЕДИТТЕР 39085 5,0

 

СЫЗБА 1

                 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

      Қазақстан Республикасының

бюджет жүйесі

 

          Мемлекеттік  бюджет

 

 

 

Ұлттық қор

 

        Республикалық бюджет         Жергілікті бюджет

 

       Республикалық маңызы

бар қала

бюджеті

 

         Облыстық

бюджет

          Астана

бюджеті

 

     Республикалық

маңызы бар қала

ауданының

бюджеті

 

         Ауданның

(облыстық маңызы

бар қаланың)

бюджеті

 

 

         Астана

ауданының

бюджеті

 

Ауылдық округтер мен

кенттердің бюджеті

 

СЫЗБА 

                Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы

          НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ ҚОНДЫР МА БӨЛІГІ

(СУБЪЕК-ТИВТІ ЖАҒЫ)

                 МЕМЛЕКЕТ ЗАҢЫ
      ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ДАМУДЫ БАСҚАРУ МЕХАНИЗИІ

БАЗИС

БӨЛІГІ

 

(ОБЪЕК- ТИВТІ ЖАҒЫ)

МЕМЛЕКЕТТІҢ

ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН

АҚША ҚОРЫ

 

РЕСУРСТАР

 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ

 

ҚАТЫНАСТАР

М Е М Л Е К Е Т Т І К   Б Ю Д Ж Е  

2.3. Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру

механизмі.

Орталық банк жоғарыда аталған құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады:

1) ақша жиынын белгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң монетарлық саясат);

2) немесе пайыз мөлшерлемесін ұстап түру (икемді монетарлық саясат).

Ақша саясатының варианттары ақша нарығының графигінде әр түрлі бейнеленеді. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсыныс қисығының вертикадды жағдайына сәйкес келетін деңгейінде орналастырады. Ал икемді монетарлық саясатта ақшаның ұсыныс қисығы горизонталды түрде болады. Ақша-несие саясатының вариантын таңдау көп жағдайда ақшаға сұраныспен байланыста болады. Мысалы, егерде ақшаға сүраныстың өсуі инфляциялық үрдістермен байланысты болса, онда ақша жиынын қалыпты ұстау үшін қатаң саясатты пайдаланған жөн, бұл жағдайда ақша ұсынысын вертикалды түрде бейнелейді.

Егерде ақша айналымының күтпеген, кездейсоқ өзгерісі нақты айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшер-лемесін қалыпты деңгейде ұстап тұратын саясат пайдаланылады. Бұл жағдайда ақша ұсынысы горизонтадды болады. V қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты ақшаға сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына, пайыз мөлшерлемесіне әсер етеді. Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз мөлшерлемесін тіркей алмайды. Мысалы, ақшаға сүраныс өскен кезде тұрақты пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру үшін, банк ақша ұсынысын кеңейтеді, оны сұраныстың өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін жасайды. Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі өр бөліктің сапалы жұмысына төуелді. Ақша-несие саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:

1)Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының       мәнінің өзгеруі;

  • Ақша нарыгындағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;
  • Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;
  • Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты өнім көлемінің өзгерісі.

Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасыңда тағы екі аралық баспаддақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал етеді. Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл өзгерістер Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің садцары. Мұндай саясаттың салдары ретіңде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиесінің арзандауы, нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің төмеңдеуі байқалады.

Ақша нарығының реакциясы  қисығының тікшелеу болуынан ақшаға сүраныстың сипатына, түріне тәуелді болады.

Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, оңда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне алып келеді. Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша нары-ғында пайыз мөлшерлемесінің едәуір өзгерісі болды деп жорамаддасақ, онда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сүраныстың сезімталдығы байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың мультипликаторлык мәнінің кеңейуі пайда болады.

Табыстау механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін.

Мысалы, ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе пайыз мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, өнім көлемі мен ақша жиынының арасыңдағы байланысты үзеді. Мұндай қүбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекет-терде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі. Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға әр уақытта дүрыс әсер өте бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мөлшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егер экономикада өрлеу болса жөне жалпы ұлттық өнім өссе, онда ақшаға трансакциялық сұраныс өседі. Орталық банк ақша ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҰӨ өсуін қосымша ынталандырады жөне инфляцияның пайда болуына әкеледі.

Экономикадағы құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы жағдайында Орталық банк пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін, ақша үсынысын азайтуы қажет. Бірақ мұндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы құлдырауды шиеле-ністіре түседі. Ақша-несие саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Мысалы, егерде Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет деп есептесе, онда ол құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысының өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Мұндай шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді.

Ақша-несие саясаты көлемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады (шешім қабылданғаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҰӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады. Ақша-несие саясатының қазіргі кезеңдегі тиімділігі Орталық банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты. Ақша-несие саясаты салық-бюджет жөне сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты. Егерде Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының озгеруіне өкеледі. (Мысалы валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседі.) Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мүндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша сая-сатымен байланысты болады. 

Қорытынды

   Қорыта айтқанда Экономиканы реформалау 1-2 жылдың ішінде мүмкін еместігін баршамыз түсінеміз, сондықтан салық жүйесі де біртіндеп қалыптасады, түзеледі, ары қарай дамиды. Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Салықтың ең басты түрі болып табысқа салынатын салық, яғни пайда емес табыстан салық алынатын болды.    Салық салудың негізгі принциптері сақталып, салық салуда қарапайымдылық әділеттілік, салыстыру принциптері біршама  өз шеішмін тапқан. Мемлекеттің салықтық қызметі Қазакстан Республикасының салық жүйесі ауқымындағы салық салу процесін ұйымдастыруға және салық салуға байланысты барлык мәнжайларды (салықтар мен баска да міндетті төлемдердің шамасын және ставкаларын, салықтық төлем сомаларын есептеу және оларды бюджетке төлеу тәртібін, өздеріне қатысты заңи фактілер негізінде салықтық міндеттемелер жүктелген занды және жеке тұлғалардың шеңберін, салық жүйесінің барынша жұмыс істеу механизміндегі фискальдық және реттеуші функциялардың өзара іс-әрекетін, сондай-ақ олардың балансты болуын қамтамасыз етуге бағытталған, салықтық заң актілеріне негізделген, мемлекеттің объективті экономикалық кызметі болып табылады. Ақша-несие саясаты көлемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады (шешім қабылданғаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҰӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады. Ақша-несие саясатының қазіргі кезеңдегі тиімділігі Орталық банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты. Қазіргі таңдағы ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе пайыз мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, өнім көлемі мен ақша жиынының арасыңдағы байланысты үзеді. Мұндай қүбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекет-терде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі. Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға әр уақытта дүрыс әсер өте бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мөлшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егер экономикада өрлеу болса жөне жалпы ұлттық өнім өссе, онда ақшаға трансакциялық сұраныс өседі. Орталық банк ақша ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҰӨ өсуін қосымша ынталандырады жөне инфляцияның пайда болуына әкеледі.

Экономикадағы құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы жағдайында Орталық банк пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін, ақша үсынысын азайтуы қажет. Бірақ мұндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы құлдырауды шиеле-ністіре түседі. Ақша-несие саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Мысалы, егерде Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет деп есептесе, онда ол құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысының өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Мұндай шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Артыкова Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия» жоғарғы оқу орындарына

арналған оқулық.    Алматы, 1990 жыл.

  1. Әубәкіров, Я.Ә., Абдуллаев А.А. «Саяси экономия» Алматы  1991  ж.

3.Әубәкіров  «Экономика теория негіздері»  Алматы, 1999жыл.

4.Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.б.,  Жақыпова Ф.Н., Т.П. Табаев «Экономикалық теория»  Алматы, 1999жыл.

5.Дүйсенбаев К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева

«Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау»  Алматы, 2001ж.

  1. «Заң» Республикалық құқықтық, ғылыми практикалық

журнал  Астана 2000ж №9

  1. Мельников В.Д., Ілиясов К. «Қаржы» Алматы, 1994ж.
  2. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. А, 2003ж.
  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы

мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992ж.

  1. Қазақстан Республиксының еңбек туралы заңы. Алматы 2000ж.

11.Үмбеталиев А., Ғ. Керімбек  «Кәсіпорын экономикасы

және кәсіпкерлік»  Алматы, 2002ж.

  1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпабаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003ж.
  2. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, 2001ж.
  3. Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару.А,2002ж.                                        

АННОТАЦИЯ

Курстық жұмыста мемлекеттік бюджет түсінігі, мәні мен құрылымы, бюджет тапшылығы мен артықшылығы және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет тапшылығының инфляциялық және инфляциялық емес қаржыландыру тәсілдері  қарастырылған.

Курстық жұмыс 36 бет компьютерлік текстте  берілген. Курстық жұмыстың негізгі 2-кестеден, 2-сызбадан және 14- қолданылған әдебиеттер ақпаратына негізделіп жазылған.