Үшінші перзентін күтіп жүрген әйел бірден 5 бала туды

0

Хатлон облысы Кубодиен ауданының 30 жастағы тұрғыны Дилноза Мамадова жаңа жыл қарсаңында бірден бес бала туды. Олардың екеуі – ұл, үшеуі – қыз. Үшінші баласын күтіп жүрген отбасында осындай қуаныш болды.

Озоди радиосының хабарлауынша, әйелді Душанбе қаласындағы республикалық перзентхананың дәрігерлері босандырған. Дилноза Мамадованы дәрігерлер екі ай бойы бақылап, босанғанға дейін 20 күн перзентхана стационарында жатты. Қазір анасының да, балаларының да денсаулығы дін аман.

Нәрестелердің атасы Мамад Бобоев ұлдардың есімі Хасан, Хусейн деп, ал қыздардың атын Фатима, Зухра және Хадачи деп қойғанын айтты.

Әйелдің бірден бес бала босануы – сирек жағдай. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 60 миллион әйелдің біреуі ғана табиғи жолмен бес бала босана алады. Тәжікстанда мұның алдында әйелдің үшем, төртем босанған кездері болған.

Мемлекетте үшемнен көп туған аналар үшін ешқандай жеңілдік қарастырылмаған. Алайда билік пен жергілікті тұрғындар өз еркімен материалдық көмек көрсетеді.
2015 жылы төртем туған 26 жастағы Гулшан Маджнуноваға мемлекет толық жабдықталған үш бөлмелі пәтер берген еді.