Қостанайда орындыққа сәбидің басы қысылып қалды
Бұл оқиға 4 желтоқсанда болған. Әйел орындыққа қысылып қалған немересінің басын шығару үшін құтқарушыларды шақырады. Екі жасар қызды ата-анасы әжесімен бірге үйге тастап кеткен.
«Сәби ойнап отырған. Сол сәтте басын ағаш орындықтың арасына кіргізіп алыпты. Алайда, әжесі немересінің басын шығара алмаған. Сөйтіп құтқарушылар тобын шақырыпты», – дейді Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
Бала ешқандай жарақат алмаған.
Дереккөз: sn.kz