2018 жылғы қарашада ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 108 теңге болды — Қаржы-қаражат

0

Елімізде 2018 жылдың қарашасында ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 108 теңге болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бұл көрсеткіш 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2 пайызға жоғарылады.

«Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі — 20,6 пайыз, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны -16,3 пайыз, жемістер мен көкөністерді — 8,2 пайыз, нан және жарма өнімдерін — 7,6 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,3 пайыз», — деп хабарлады комитеттегілер.


© Cтатистика комитеті