Патологиялық анатомиялық жаруды ұйымдастыру | туралы қазақша

0

Казақстан Республикасының ветеринарлық заңдылықтарына орай ветеринарлық дәрігерлік жаруды ұйымдастырып өткізеді, жануар өлімінің себебі жайлы қорытындылар толтырады. Осы кезде олар ветеринарлық-санитарлық ережелерді қоғамдық және жеке бастың қауіпсіздігі мен өлекселерді санитарлық жою тәртіптерін қатаң сақтайды. Аталған жұмысты ветеринарлық мамандар патологиялық-анатомиялық зерттеулердің әдістемелік және техникалық ережелерін қатаң сақтап, әр жануар түрлерінің жас аралық анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен ауру сипатын ескере отырып орындайды. Кажетті жағдайларда кешенді зертханалық зерттеулерді қарастырып өткізеді. Әдетте, жаруды жануар иелерінің қатысуымен, ал соттық-ветеринарлық жару кезінде тергеу орындары өкілдерінің қатысуымен өткізеді.

Жару орны, құрал-жабдықтары және жару уақыты

Жануарлар өлекселерінің толық патологиялық анатомиялық жаруын арнайы жабдықталынған бөлмелерде (секциялы орындар мен прозекторияларда) өткізеді. Олар ветеринарлық оқу орындарында, зертханаларда, емханалар мен ет-сүйек өндіру зауыттарында болады. Соңғы жылдары бұл зауыттар азықтық (ет-сүйек ұны, т.б.) және техникалық жануар текті шикізат өндірумен қатар, жануарлар өлекселерін, олардың қалдықтарын жоюды, шаруашылықтар мен ветеринарлық мекемелерге тиісті қорытындыларды беріп, патологиялық-анатомиялық анықтау өткізуді де орындайды.

Егер арнайы бөлмелер болмаса, жаруды жойғыш қондырғы не биотермиялық шұңқыр маңдарында өткізеді. Дала жағдайында жануарлар өлекселерін жарған уақытта қауіпсіз жұмыс жағдайлары жасалады. Жануарлар өлекселерін қора-жайларда, жайылымдарда және өзге жануарлар шоғырланатын жерлерде жаруға болмайды.

Секциялы бөлмелер кең, әpi жарық болулары қажет, онда ыстық және суық суы бар су құбырлары мен суағар құбырлары болулары керек. Терезелердің еденге қатынасы 1:4-1:5. Ауа сору желдеткіші бөлме ауасы 1 сағат ішінде толық алмастырылатындай болуы керек. Қабырғалары мен төбeciн жеңіл жуылатын, су ciңірмейтін материалмен жабады (кафель, майлы бояулар, т.б.). Еденге асфальт, цемент төсейді және арнайы су ағуы үшін қажетті қондырғы және оны хлорлы әкпен залалсыздандыру қоймашасы болады. Жалпы арналық жүйеге су залалсыздандырылғаннан соң түседі.

Секциялық бөлмеде жануар өлекселерін жаруға арналған мықт әpi бepiк үстелдер, арнайы киімдерді, құрал-жабдықтарды, ыдыстарды, реактивтер мен патологиялық материалдарды сақтайтын шкафтар, құралдарға арналған және жазу үшін қажетті үстелдер, залалсыздандыратын ерітінділері бар қолжуғыштар, электр плиткалары, автоклав, таразылар, т.б. болады. Сонымен қатар, секциялық болмеде прозектор, өзге қызметкерлер үшін жеке белмелер, жуыну орындары және патологиялық материалдарды сақтау бөлмелері болуы керек.

Секциялық үстелдер екеуден кем болмауы тиіс:

  • 2,5х1,1х0,3м — ipi жануарлар өлекселерін жару үшін (өлекселерді тасымалдау үшін доңғалақтары бар);
  • 1,4х0,8х0,8-0,9 – кішігірім жануарлар мен зерттелетін ағзалар үшін. Үстел қақпасының шеттерінде шығыңқы жақтаулары және ортасына қарай ойыстары болулары керек. Өлекселерді тасымалдау ілмелі төбе асты темip жолдары мен арнайы тасығыш, көтермелермен жабдықтайды.

Жаруды күндізгі жарықта, не люминесцентті жарықта өткізеді, өйткені жасанды жарық кезінде ағзалардың барлық түстiк гаммасын анықтау қиын.

Көбіне ветеринарлық дәрігерлер, лажсыздан өлтірілген жануарлардың ауруын анықтау мақсатында (туберкулез, бруцеллез, т.б.) және шаруашылық, не ветеринарлық-санитарлық ережелер бойынша шығындалған жануарлар үшаларын жаруға мәжбур болады. Бұл жағдайларда қарау ветеринарлық-санитарлық сараптау ережелері бойынша санитарлық сою орындарында, не мал шаруашылығының сою орындарында өткізіледі.

Жаруға арналған құралдар

Толық патологиялық-анатомиялық жаруды өткізу үшін арнайы анатомиялық құралдар жинағы болу керек, оған мыналар енеді: тepiнi сылып алуға, шеткepi ағзаларды бөлектеуге және ағзалар мен тіндерді кесуге қажеттi үлкен секциялық пышақтар, қайрақ, егеулер, миды зерттеуге арналған жүзі жіңішке пышақтар, хирургиялық тiк және бүйірлік скальпельдер, ішектік түймебасты, тiк, иілген, егеу тәрізді жақтауы бар қабырғаға және тамырларға арналған қайшылар, анатомиялық және хирургиялық кішкене қысқаштар, сүйек ұстағыш қысқыштар, түйме басты және науалы зондтар, шапқыш, балға, балталар, жапырақты доғалы аралар, кесілген кеуде және құрсақ қуысы ағзаларын тартып шығаруға арналған тұтқалы ілмектер, 200 , 500  сұйықтық мөлшерін өлшеуге арналған өлшегіш цилиндрлер, касықтар мен темip өлшегіш сызғыштар, ағзалар салмағын анықтауға арналған таразылар, бөлектенілген бас пен сүйектерді бeкiтіп ұстауға арналған төстер, кәдімгі шынылы көзәйнектер мен ұлғайтқыш шынылар, шөткелер мен сүзгіштер.

Жануарлардың ауруын анықтау үшін пышақтар, қайшылар, аралар, қысқаштар, шапқыштар, балғалар болуы жеткілікті. Сонымен катар, спирт құтысы, майсызданған төсеніш шынылары, 250 мл, 500 мл және 1 литрлік жақсы жабылатын қақпақтары бар банкілер, эмальды шелектер болулары керек.

Құралдар мен ыдыстарды колданған кездер қондырғышы таралуын болдырмайтындай барлық ветеринарлық-санитарлық ережелер сақталуы керек. Жару құралдар арнайы үстелде болады. Ауру аяқталған соң оларды жуып, қайнату арқылы залалсыздандырып, құрғақ түрде арнайы шкафтарда сақтайды.

Қоғамдық және жеке бас қауіпсіздігінің ережелері

Патологиялық-анатомиялық зерттеуді бастамас бұрын ветеринар мамандар ветеринарлық-санитарлық қатаң және міндетті түрде орындалуына жауапты тұлғалар адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғайтындай жұмыс жағдайларын қамта масыз етеді. Індетті аурулар қоздырғыштарының таралуын болдырмайтын, мал шаруашылығы қора-жайлары мен қоршаған ортаны (жайылымдар, су орындары, т.б.) ластауды туғызбайтын, қоғамдық және жеке бастың қақуіпсіздігін қамтамасыз eтетін барлық жалпы және арнайы сақтану шараларын қолданады.

Анамнездік, індеттік және клиникалық деректер бойынша ұстау, азықтандыру, пайдалану жағдайларын, ауру белгілерін, жануар өлімінің орнын, уақытын, анық-қанығын айқындайды да, жаруды ұйымдастырып, өткізу бойынша қажеттi шараларды дайындайды.

Алдын ала микроскопиялық зерттеулер арқылы ciбір жарасы және өзге антропозооноздық аурулар еместігіне көз жеткізеді, мұндай аурулар болған жағдайда өлекселерді жаруға болмайды, пайдаға асыру зауыттарында жояды, не өртейді. Өлекселерді арнайы орындарда жарады (жоғарыда баяндалған). Жару орнына өлексені арнайы жабдықталған автокөліктермен, не тасығыштармен жеткізеді, ал олардың қабырғаларын мырышталған темірлермен көмкеріп, пайданылғаннан соң залалсыздандыру заттарымен өңдейді. Тасымал алдында жануарлар өлекселерінің табиғи саңылауларына (әcipece, індетті аурулардан өлгендеріне) мақта білтeлерін залалсыздандыратын заттарға малып жабады. Жануар жатқан орынды тазартып, жер қабатын алады, оны заласыздандыратын ерітіндімен өңдейді де, көміп тастайды, ал төсеніштерді өртейді.
Жаратын адам арнайы киімде болады: халат, кенеп бас киім не орамал, дастархан тәрізді не резеңкелі алжапқыштар, шынтақ қапшалары, резеңке қолғаптар, eтiктер. Жаруға қатысатын адамдар халат киеді. Жұмыс алдында қолдарын бақылап қарайды, тырнақ асты кеңicтiктepiн, саусақ ұштарын йод тұнбасымен майлайды. Жарашық, жара не жарықшалар болса, оларды жабысқақ қағаздармен көмкереді. Қол тepiciнe тальк ұнтағын сеуіп, қолғап киеді. Егер қолғап болмаса, қолға вазелин, не қандай да бір майлар жағады, жаз айларында шыбындармен күресу үшін заттар қолданылады, ал дала жағдайында жару кезінде сонымен қатар, қолға, мойын мен бетке үркітетін заттарды жағады (димитилоталат, ментол, т.б.). Өлекселерді жару кeзінде тазалық, тиянақтылық және абайлылық сақталынады. Қол жараланған кездері оны жылдам орайды, жарадан бірep тамшы қан шығарып, йод тұнбасымен өңдейді де, дәкелейді, жаңа қолғап киіп барып, жұмысты жалғастырады.

Жұмыс аяқталғаннан соң өлекселік материалды алып тастайды, арнайы киімінің, аяқ киімінің, құралдардың, үстелдің және секция бөлмесінің қорытындылық өңделуі мен залалсыздандырылуы жасалады. Құралдарды жылы сумен жуып, залалсыздандырғыш ерітіндімен (2% лизол epiтіндici, т.б.), не содалы суда қайнату арқылы залалсыздандырады. Кайнатар алдында құралдардың кесетін бөліктерін мақтамен не дәкемен орайды. Eтiк, алжапқыш, шынтақ қапшаларын сабындап жылы сумен жуады және 2 % -дық хлорамин ерітіндісімен не NaOH ерітіндісімен, 3-5% -дық лизол ерітіндісімен, не сабын-карбол қоспасымен залалсыздандырады. Халаттар мен кенеп бас киімдерді қайнатады, не автоклавта залалсыздандырады. Қолғаптарды қолдан шешпей жуады да, залалсыздандырады (сулема, 1:1000, 3-5% -дық лизол ерітіндісі, 2-3%-дық карбол, не ciркe қышқылдары ерітінділері, 4% -дық формалин ерітіндісі т.б.). Сосын қолғапты абайлап қолдан шешеді де, щеткамен мұқиятты түрде жылы суда сабынмен жуып, спиртпен залалсыздандырады. Залалсыздандырушы және хош иіс беруші зат ретінде 1-3 % -дық калий перманганаты ерітіндісі қолданылады. Бұл ерітіндіге қолды 3-5 минут малады, содан соң     қызғылттылығын кeтipy үшін қымыздың қышқылының қаныққан ерітіндісіне немесе 1%-дық тұз қышқылы ерітіндісіне малады. Сонымен қатар, иісті жою үшін қолды бірнеше рет кепкенше сабындап, сумен шаю, май жағу қолданылады. Үстелдер мен секциялық бөлмелерді залалсыздандыру үшін хлорлы және сөндірілмеген әк, формалин, лизол, креолин, карбол қышқылы және өзге залалсыздандырушы заттар пайдаланады. Залалсыздандырушы ерітінділердің ешқайсысының сол cәттiк әсер бермейтінін ескерген жөн. Сондықтан, олармен өңдеу 20-30 минуттан 1 сағатқа днйін созылуы керек. Хлорлы әкті қараңғы жерде жабық ыдыстарда сақтайды. Оның құрамында 25 % белсенді хлор болуы керек. Барлық залалсыздандырушы заттарды арнайы, құлыпталған бөлмелерде сақтайды.

#Патологиялық #анатомиялық #жаруды #ұйымдастыру