Оңтүстік Кореяда есін жоғалтқан қазақстандықтың туыстары табылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Бейсенбіде әлеуметтік желіде Инчхон әуежайында аты-жөнін және Кореяға не үшін барғанын білмейтін Қазақстан азаматы туралы ақпарат пайда болды

АЛМАТЫ, 10 cәуір – Sputnik. Оңтүстік Кореяда есін жоғалтқан қыздың анасы табылды.Әйел елшілікпен байланысқа шықты, қазір қазақстандық бойжеткенді елге қайтару мәселесі шешіліп жатыр. Бұл ақпаратты сыртқы істер министрлігі растады.

Қыздың туыстары табылғаны туралы хабар Шымкент жайлы ақпарат тарататын Instagram парақшада жарияланды. 

«Қазіргі уақытта  анасы Кореядағы Қазақстан елшілігімен байланысқа шығып, мәселе шешіліп жатыр.Қазір вирус салдарынан рейстер жоқ, сол себепті қыз әлі елге орала алмайды», — делінген  хабарламада.

Сондай-ақ, қыздың тексеруден өткізілетіні, ауыр сырқат анықталмаса, рейстер ашылғанша Оңтүстік Кореяда уақытша тұратын тұрғын үй берілетіні хабарланды.

Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады.

«Туған-туыстарын таптық, олармен байланыстамыз. Қыз қауіпсіз жерде», — деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Еске сала кетсек, бейсенбіде әлеуметтік желіде Инчхон әуежайында белгісіз бір бойжеткеннің жүргені жайлы ақпарат пайда болды. Ол орыс тілінде сөйлейтін азаматтардан көмек сұраған. Қыз өзінің аты-жөнін ұмытып қалған және Оңтүстік Кореяда не істеп жүргенін білмейді. Қолында Қазақстан паспорты болған. Құжатқа сәйкес, жуырда ғана 22 жасқа толған қыздың есімі — Гүлмира Сафидина.



sputniknews.kz