130 км/сағат: Әйел алты жасар ұлын жүйткіген көлік рөліне отырғызды
Қысқа сілтеме алу
Алты жасар баланың анасы «бұдан ешқандай жаман нәрсе көріп тұрған жоқпын» дейді. Оның айтуынша, ұлы көлік тізгінінде бірінші рет отырған жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Татарстан тұрғыны алты жасар баласын көлік рөліне отырғызды. Ұлының 130 километр/сағат жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан автокөлікте отырғанын анасы видеоға түсіріп, желіде жариялаған.
Видео кадрларынан кішкентай жүргізушінің рөлді ұстап отырғанын, ал спидометр көрсеткішінің 130 километр/сағат жылдамдықты көрсетіп тұрғанын байқауға болады.
Бейнероликті Набережные Челны қаласында тұратын Агина Алтынбаева түсірген. Оның айтуынша, бала көлікті бірінші рет жүргізіп отырған жоқ.
«Ол төрт жасынан бастап көлік тізгіндейді. Қазір ол алтыда, бұдан еш жаман нәрсе көріп тұрған жоқпын. Жол-патрульдік инспекторлары маған бірдеңе деп айтса да, ештеңе етпейді», — деді Алтынбаева «Говорит Москва» радиостансанциясына.
Ұлдың анасы әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлерге де дөрекі жауап береді. Әйелдің айтуынша, оны құзыретті органдар жағдайға түсініктеме беру үшін шақырмаған.
Бұған дейін Алтынбаеваға қолында сәби ұстап көлік тізгіндегені үшін 5300 рубль көлемінде айыппұл салынған болатын. Бұл жайында да әлеуметтік желіден белгілі болды.
Тағы оқыңыз: Айыппұлдан түрмеге дейін: қазақстандық жүргізушілер нені білуі тиіс?
Ол кезде әйел балаларды тасымалдау ережелерін бұзғаны, автокөлікті қауіпсіздік белбеуін тақпай жүргізгені, әйнектерді қараңғылағаны және сақтандыру полисінің жоқ болғаны үшін айыппұлмен жазаланған еді.
sputniknews.kz