Жолаушылар автобусы каналға құлап, 25 адам көз жұмды
Жергілікті тұрғындар арқанның көмегімен көлікті судан шығаруға тырысқан.
Үндістанның оңтүстігіндегі Карнатака штатында жолаушылар автобусы каналға құлап, 25 адам батып кетті. Қаза тапқандардың арасында бес бала да бар. Полицияның болжамынша, жүргізуші рөлге ие бола алмағандықтан, көлік бір қырына аударылып, жол бойындағы каналға құлаған.
Өкінішке қарай, авобустағы жолаушылардың барлығы дерлік судан шыға алмады. Жергілікті тұрғындар көмекке келіп, арқанмен автобусты судан шығаруға тырысқан, деп хабарлайды life.ru. Көлікте барлығы 30-35 адам болған, кем дегенде 25 жолаушы көз жұмды. Қаза болғандардың мәйіті автобустан шығарылған.
Дереккөз: Sputnik