Ұлының суретіне қарап, оның аса қауіпті дертке шалдыққанын білді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Медициналық сараптама қорытындысы шыққаннан соң, баланың оң көзінде қауіпті ісік бар екенін анықталған

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Англия тұрғыны ұлының суретіне қарап, оның қауіпті дертке шалдыққанын білген.

Норфолк графтығында тұратын 33 жастағы Стейси Деклерк алты айлық Броудидің суретіне қарап отырып, оның оң жақ көзіндегі түсініксіз ақ дақты байқайды. Ол мұның не екенін интернет арқылы білуге тырысқан, деп жазды Metrо.

«Мәліметтерде оның қатерлі ісік екені айтылды. Бірақ мен басқа нұсқаларын іздей бастадым», — дейді Стейси Деклерк.

Броудидің көру қабілеті нашарлағанда оны дәрігерге алып келген. 

Медициналық сараптама және УДЗ қорытындысы шыққан соң, баланың оң көзінің ішкі тор қабығында (сетчатка) қауіпті ісік бар деген болжам жасалады. Бір аптадан соң, диагноз нақтыланған.

Тағы оқыңыз: Баланы ұзақ емізетін ана омырау обырына шалдығуы мүмкін

Дәрігерлер дерттің асқына бастағанын айтады. Осыдан соң сәби Лондондағы ауруханаға жатқызылған. Онда ол артерия арқылы химиотерапия сеансынан өткен. Нәтижесінде ісік кішірейген.

Енді 6 айлық Броуди 5 жасқа дейін дәрігерлердің бақылауында болуы тиіс.



sputniknews.kz