Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелердің қаржысы

0

Мазмұны

Кіріспе

1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны .
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың жэне мекемелердің сыныптамасы.,….
1.3. Негізгі үйымдық-құқықық нысандардың шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының ерекшеліктері .

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ¥ЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ҚАРЖЫСЫ .
2.1. Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны
және оны үйымдастыру …
2.2. Коммерциялық емес қызметгің ұйымдары мен мекемелерін
қаржьшандырудың көздері ……………………………..
2.3. Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .
Қорытынды………………………………………………………………………………………..
Қолданылған әдебиеттер .

1 .ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ
ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
Шаруашылъщ жүргізуші субъектілер қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің қүрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін қүрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдщің каржы ресурстарының негізгі бөлігі калыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің айтарлықтай бөлігі қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін көзі — коғамдық өнім жасалатын материалдық өндіріс сферасында жұмыс істейтіндіктен бұл буынның қаржысы қаржылардың негізі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу жэне пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтық қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы
кызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл үшаруашылығы,
кұрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда, дайындау, геологиялық барлау,
жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты,
түрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми,
білім, медицина, ақпарат, маркетинг жэне басқа қызметті жүзеге асыратын
кәсіпорындардыц, фирмалардыц, қогамдардыц, концерндердіц,
ассоциациялардыц, салалыц министрліктер мен басқа шаруашылық органдардыц, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардыц, мекемелердіц қаржыларын қамтиды.
Меншік нысандарының дамуы кәсіпорындардың жаңа тұрпаттарының: жекеше, кооперативтік, акционерлік, аралас, шетелдердің кэсіпорындарымен жэне фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың пайда болуына жеткізді. Шетелдік жэне отандық инвесторлардың басқаруына мемлекеттік кәсіпорындарды беру жолымен мемлекеттік меншікті пайдаланудың тәртібі өзгерді: меншікті басқару мен пайдаланудьщ аз жетілдірілген нысандарынан жаңа меншіктенушілердің уақытша иелігіне көшірілді. Келесі саты
мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу, оның жаңа иелікке көшуі жэне жекешеге немесе бірлескенге айналуы болып табылады.
Экономикалық реформалар барысында пайда болған мемлекеттік меншіктің республикалық, коммуналдық меншікке бөлінуі де мемлекеттік кәсіпорындардың, олардың бірлестіктерінің, коммерциялық негіздегі бірлесіп басқару органдарының — қогғамдардың, ассоциациялардың, концерндердің, консорциумдардың және т.с.с. көптеген нысандарына мүмкіндік туғызады. Бұл процеске коммерциялық есептің дамуы, аймақтардың өзін -өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруға көшіруге мүмкіндік береді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бүл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына жэне бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу жэне бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясыныц ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінетіндігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде кұнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік қосалқы функциясын да іске асырудың басты шарты болып табылады. Бөлу — өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бүл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың бір бөліғі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға — мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сонымен бірге бөлгіштік функция шеңберінде ұдайы өндірістік функцияны орындайды. Оның мазмүны жәй жэне ұдайы өндіріс кезінде материалдық жэне ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бүл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айрықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер каржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөль атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы басқару, өндірістің өсуін ынталандыру жэне еңбек, материал, табиғи жэне еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажетті бакылауды қамтамасыз ету процесінде маңызды рөл атқарады. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғары ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылык жүргізуші субъектілер арасындагы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-эрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:
Басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бүзған кезде айыппүл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар блойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);
өзініц еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;
өз ішіндегі бөлімдермен (олардың арасында қаржы ресурстарын бөлу кезінде);
мемлекетпен — бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырғанда;
банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк кредиттерін алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы кағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);
сақтық органдармен — мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тэуекелді сақтандыру жөнінде;

жоғары ұйымдармен — ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгарлік төлемдер бойынша және басқалары);
құрылтайшылармен (бүл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес кұрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т.с.с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы қаржылардың экономикалык табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызметр етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:
1) қаржы қатынастарыныц көпқырлылығы, олардың нысандары мен
мақсатты арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік құралдардыц міндетті болуы және оларды
қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты
қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар — бүл өндірістің серпінді
элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен
қатар құн нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын
қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттық
және ақша нысанында болуы мүмкін;
3) жоғары белсенділік, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің
барлык жағына әсер ету мүмкіндігі;
4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл каржы
жүйесінің айқындаушы болып табылады.
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің
сыныптамасы
Шаруашылық жүргізуші субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоцияциялар, ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастьрудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін.
Айырудың ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларының біріне — материалдық немесе материалдық емес сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сферасыныц кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатьш материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды.
Бүл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың енімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сферада бағытталады. Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі, әдеттегідей, оларды тұтыну процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл сфералардың қаржысын ұйымдастыруға — қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы ксзінде де, сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қальштастыру — қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материалдық сфера қорларынын қозғалысында өндірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес сфераға сипатты емес бірқатар басқа процестердің козғалысымен байланыстылары елеулі орын алады.
Қаржы қатынастарының мазмұны мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жұмысын ұйымдастыруға олардың салалық тиістігі, ұлттық шаруашылықтың текникалық — экономикалық ерекшеліктері айтарлықтай ықпал жасайды.
Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындардың қаржысының өзгешелігі едәуір дәрежеде кәсіпорынның іс-әрскет ететін саласына да байланысты болып келеді.
Қаржының салалық ерекшеліктері өндірістің сипатымен, түрлі салалардың технологиясымен, өндірістік циклдың ұзақтығымен (созыңқылығымен), маусымдылықпен, өндірістің табиғат жэне климат факторларына тәуелділігімен, шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағдайларының айырмашылығымен анықталады. Саланың өзгешелігі қаржы ресурстарының жылдамдығына, қалыптастырылатын ақша қорларының құрамына, қаржы ресурстары мен кәсіпорыңдардың шығындары құрылымына, бюджетпен және басқа қорлармен болатын өзара катынастарға әсер етеді. Маусымдылық факторы ауыл шаруашылығы, құрылыс өндірісі үшін сипатты болып келеді. Мұндай факторлар өндіріс шығындарының мөлшеріне әсерін тигізеді: мысалы, ұзақ кезеңді немесе маусымдық сипаттағы өндірістер аяқгалмаған өңдіріске қаражаттарды едәуір оқшауландыруды туғызады; құрылыста маусымдылық қыс уақытында жұмыстардың қымбаттауына әкеп соғады. Табиғи-климат факторлары жалақыға, сақтандыруға, аудандық коэффициенттерді төлеуге байланысты шығындарға соқтырады. Ақырғы қорытындысында шығындардың артуы кызметтің қаржылык, нәтижелеріне әсер етеді: нарықтық бәсеке жағдайында мұндай кәсіпорындар өнімді өткізу кезінде аз табыс алатын болады немесе рынокта өзінің ұстанымдарын сақтап қалу үшін оны барынша көбейтудің қаржылық әдістерін табуы тиіс.
Сыныптаманың келесі ірі белгісі кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржылық қызметінің сипаты — коммерциялык және коммерциялық емес қызметі болып табылады.
Коммерциялық қызметтіц мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жүмыс істейді.
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жэнс қамсыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс (пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-кимылдарды орындауға бағытталған.
Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан Республикасының Азаматгық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңды түлға үғымы анықталады. Заңды тұлга деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құкығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік жэне мүліктік емес жеке қүқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым занды түлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес үйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылык мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.
Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына: коммерциялық есепке немесе белгілі бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажетгіліктерін жабатын бюджеттік царжыландыру есептелген. Егер мекеме коммерциялық және коммерциялық емес кызметті ұштастыратын (үйлестіретін) болса, онда бұл кызмет тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады: мүндай қызметтің өзін-өзі қаржыландырылуың ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу, алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудьщ маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардыц және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде болады, жеке меншіктің айырықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардыц менгшігі болады.
Мемлекеттік меншік республикалық жэне коммуналдықменшік болып ажыратылады.
Меншікгің аталған нысандарының ішінде шаруашылык жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының көптеген түрлерін (санын) туғызатын әр түрлі шаруашылық қүрылымдары қалыптасуы мүмкін:
ІМемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның ішінде:
республикалық — Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының жалпымемлекеттік міндеттерін шешу үшін;
коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар — тиісті аумақтың халқының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағанышта болады.
1.Заңды тұлғалардың жеке менгиігіне негізделген кәсіпорындар: әр түрлі түрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар.
2.Қоғамдық бірлестіктердіц меншігіне негізделген кәсіпорындар.
4.Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар мен азаматгардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.
5. Азаматтардың меншігіне негізделген жеке меншікті кәсіпорындар.
б.Меншіктің жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының қатысуындағы аралас кәсіпорындар.
Меншіктің барлық нысандарының теңдігі мен меншік субъектілерінің құқығын теңдей қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілденілген.
Шаруашшық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.

Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардьщ мөлшерін ажырата білген жөн. Кәсіпорындардың……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!