«Тимеңдер!» Атамбаевтың үйінде түсірілген видео жарияланды
Қысқа сілтеме алу
Арнайы жасақ Қырғызстанның бұрынғы басшысын тұтқындай алмады
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Sputnik Қырғызстан журналистері Алмазбек Атамбаевтың үйінде болып, арнайы жасақтың сәтсіз шабуылынан кейін алғашқы минуттарда болған жағдайды видеоға түсірді.
Видеодан Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаевтың жақтастары мен жараланған арнайы жасақ сарбаздарының бір жерге топтасып қалғанын көруге болады. Бірнеше адам жиналғандарды тоқтатып, әскери қызметкерлерге қол тигізбеуге шақырады.
Атамбаевтың Бішкектен 20 километр жерде орналасқан Қой-Тас ауылындағы үйіне арнайы жасақ шабуыл жасады, алайда экс-президенттің жақтастары оған тойтарыс берді. Соңғы мәлімет бойынша, арнайы жасақтың бір сарбазы қаза болып, 44 адам жарақат алды.
Ішкі істер министрлігінің Шу облысындағы басқармасының бастығы Самат Құрманқұлов ауыр жарақат алды, ол комаға түсті.
Тағы оқыңыз: Жээнбеков Атамбаевқа қатысты жағдайға түсініктеме берді
13 маусым күні Қырғызстан парламенті арнайы комиссия құрған болатын. Комиссия Алмазбек Атамбаевтың алты қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген қорытынды жасады. 20 маусым күні Жогорку Кенеш бұл қорытындыны мақұлдап, Бас прокуратураға жіберген.
Кейін бас прокурор алты фактінің бесеуі бойынша қылмыстық іс қозғауға негіз бар екенін айтты. 27 маусым күні Жогорку Кенеш Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдады.
sputniknews.kz