Димаштың ізімен: Қазақстандық жігіт «Славян базарында» үздіктер көшін бастап тұр
Қазақстандық әнші Әділхан Макин Беларуссияның Витесбк қаласында өтіп жатқан байқауда үздіктердің бірі. Бірінші күннің қорытындысы бойынша ол 90 баллдың 89-ын жинады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жас әртістер 13 шілдеде Ұлттық академиялық концерттік оркестрдің сүйемелдеуімен жазғы амфитеатрдың сахнасында өнер көрсетті. Олар славян композиторларының әнін шырқады.
Әділхан Макин «Озеро надежды» әнін орындады (27 минут). Туындының сөзін де, әнін де ресейлік композитор Игорь Николаев жазған.
Әділхан Макиннен кейін екінші орында 87 баллмен Израильден келген Илай есімді әнші тұр. Украиналық өнер иесі Дмитрий Бабак 86 баллмен үшінші орынға жайғасты.
Байқауға 18 елден әнші келеді деп жоспарланған. Бірақ Словаки я мен Куба азаматтары «Славян базарына» қатыса алмайтын болғандықтан, қазір 16 елдің әншілері бір-бірімен сайысуда.
Биылғы байқау ережелеріне өзгертулер енген. Осы жылдан бастап сайыста жартылай финал болмайды. Әртістердің вокалын Ресейдің халық әртісі Тамара Гвердцители бастаған төрешілер бағалайды.
Әділхан Макин «Славян базарына» дейін Болгария қаласы Добрычте өткен «Сарандев 2019» атты поп-рок бағытында ән салатын жас әншілердің байқауында бірінші орынды иеленген. Сонымен қатар, X Factor жобасына қатысып, финалға дейін жеткен.
stan.kz