Астанада базар қызметкерлері тегін медициналық тексерістен өтті
Астана, BAQ.KZ. «Көк базардың» қызметкерлері және жақын маңдағы аудан тұрғындары мобильді жедел жәрдем стансаларында тегін медициналық тексеруден өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қала тұрғындары жергілікті дәрігерлерден қант пен холестерин деңгейін анықтау үшін қан тапсырып, флюорографиядан өтті. Ертең қолжетімді алғашқы медициналық жәрдем «керуені» Орталық базар қызметкерлері мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін есігін ашады.
«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығының аясында орай Байқоңыр аудандық филиалында келесі аптада базарлар мен тұрғын алаптарында медициналық көмек көрсету бойынша 20 көшпелі іс-шара өткізу жоспарланып отыр.
«Мемлекет басшысы Жолдауында халықтың өмір сүру ұзақтығы ұлғайып, медициналық технологиялар дамыған сайын медициналық қызметтерді тұтыну көлемінің өсетінін атап өтеді. Бүгінгі денсаулық сақтау қымбат стационарлық емделуге емес, аурулардың алдын алуға бағытталуы керек. Біздің мақсатымыз — адамдарға медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік беру. Біз тұрғындарға қолайлы болсын деген оймен олардың жұмыс істейтін орындарына келдік», — деді «Нұр Отан» партиясының Байқоңыр аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұхаммеджан Болысбек.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ