Қазақша өлең: 1 Желтоқсан — Тұңғыш президент күні (Президент мерекесі құтты болсын!)

0

Қазақша өлең: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Президент мерекесі құтты болсын!) казакша Қазақша өлең: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Президент мерекесі құтты болсын!) на казахском языке

Күннен күнге көркейіп өсіп жатыр Астанам,
Көркейіп жатыр еліміз Назарбаев бастаған!
Көтеріліп еңсесі озық тұр мүлдем басқадан
Қалып қойды шаңында Ресейіңде мақталған.
Көңілім шат, қуанам өсіп жатса еліміз,
Мақтауға тұрар елім бар сенбесең келіп көріңіз.
Көрегендіктің арқасы бастаған істі өзіңіз
Назарбаев Нұрсұлтан сау болсын сіздің деніңіз!
Кеше ғана секілді тәй-тәй болып бастаған
Жасай бер менің Жас Қалам!
Жасай бер менің Астанам!
Өсіріп ұл-қыз көңілді шаттыққа толы өмірді,
Қазақ болып өмірде туғаныма мақтанам!
Көрсетейік қолдауды іске асырып жолдауды,
Үлесіңді қос қазақ жүргенде басшы таңдаулы!
Қалып қойма көшіңнен шығармағын есіңнен,
Ұмытпа қазақ еліңнің ертеңгі күнін ойлауды!