Әзілкеш әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы Фариза Алмасқызы бұрынғы күйеуіне қатысты ресми түрде шағым түсіретінін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz.
Фариза өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында адвокатпен кездескенін және оған сенімхат рәсімдегенін айтты. Оның сөзінше, заңдық процесс енді ресми түрде басталады.
"Бүгін адвокатпен жолықтым. Сенімхат жасап алдым, енді процесс басталады. Маған сәттілік тілей беріңіздер. Айтқан әр сөзі, маған жала жапқаны, әке-шешеме, балаларым мен әулетіме тіл тигізгені үшін заң алдында жауап береді", – деп жазды ол.
