Білім

“Қысқа юбка, макияж”: діни блогер мектеп оқушыларына шүйлікті

“Қысқа юбка, макияж”: діни блогер мектеп оқушыларына шүйлікті
Фото: bbc.com

Әлеуметтік желіде діни бағыттағы контентімен танылған блогер Әлихан Тасмұхан мектеп оқушыларының «тым еркінсіп кеткенін» айтып, сын айтқан еді. Алайда оның бұл пікірі көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды kznews.kz.

Блогер мектеп формасының сақталмауын, қыздардың қысқа юбка киюін және боянуын, ұлдардың темекі шегуін атап өтіп, тіпті оқушылардың бір бөлігі ЛГБТ туралы сұраққа «бейтарап» жауап бергенін қынжыла жазған. Ол ата-аналарды да баланы бақылаусыз қалдырды деп айыптап, «мектептерді өзім тексергім келеді» деген пікір білдірген.

Алайда желі қолданушылары оның жазбасымен келіспей, пікірін орынсыз және даурықпа деп бағалады. «Өзіңнің балаңды тәрбиеле», «Асыра сілтеп жібергенсің», «Жастарды кінәлау оңай» деген пікірлер жиі жазылды.

Көпшілік мәселені блогер көтергендей дабырамен емес, ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысы арқылы шешу керектігін атап өтті. Тасмұханның жазбасын «кезекті хайп» деп бағалағандар да болды.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz