Жаңалықтар

"Студияда қайтыс болды деген сөз аузымнан шықты ма?" – Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновтің қазасы туралы

"Студияда қайтыс болды деген сөз аузымнан шықты ма?" – Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновтің қазасы туралы
politico.kz коллажы

Әнші Индира Елемес марқұм композитор Арман Дүйсеновтің өліміне қатысты тараған қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында ол Дүйсеновтің өзі жұмыс істейтін студияда көз жұмды деген ақпараттың жалған екенін нақты айтты.

"Жоқ-жоқ, студияда қайтыс болды деген ақпарат айтылған жоқ", – деді Индира.

Алайда бұған дейін «Астарлы ақиқат» бағдарламасында дәл осы жайлы мәлімет тараған болатын. Индира бұл ақпаратты естіген жағдайда бірден түзету жасайтынын да жеткізді.

"Естімедім, ондайды естісем, тоқтатыңдар деп айтар едім ғой. Студияда қайтыс болды деген сөз аузымнан шықты ма?" – деп жауап берді ол.

Сондай-ақ әнші композитордың өлімін не себепті түсіндіруге мәжбүр болғанын да түсіндірді.

Оның айтуынша, әріптесі Қалелхан Иманмади өзіне осы мәселе жайлы түсінік беру керегін айтқан.

"Қалелхан Иманмади "қатты мән бермей-ақ қой, бір аумақ қой" деді. Негізі мен айтқым келмеді, бірақ Қалелхан "ертең қайда қайтыс болды дегенде сен өтірікші болып қаласың, бәрін айт, бірақ нақтылама деген", – деп ағынан жарылды әнші.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz