Шоу-бизнес

“Менің және Сәкен Майғазиевтің баласының тұзы жеңіл”: Нұрлан Еспанов футболға қымбат билет сатқан ұлы туралы

“Менің және Сәкен Майғазиевтің баласының тұзы жеңіл”: Нұрлан Еспанов футболға қымбат билет сатқан ұлы туралы

Әнші Нұрлан Еспанов қыркүйекте өткен “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчы алдында болған дау туралы алғаш рет түсінік берді. Еске салайық, сол кезде оның ұлы матч билетін сатпақ болды деп сынға қалған еді. Өнер иесі бұл жағдайдың шын мәнінде қалай болғанын “Бірінші бол” YouTube арнасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің айтуынша, UEFA билетін ресми сайттан алу күрделеніп кеткен.

“Енді билет алу оңай емес: ЖСН жібер, құжат жібер — бәрін сұрайды. Егер бізде 50 билет болса, өзім барып, ала бермеймін бе? Өзім билет таппай қалдым. 150 мың теңгелік билет шықты, кезегіміз келіп тұрса да ала алмадық. Балама Айкерім деген қыз ‘әлеуметтік желіге салып бере тұршы’ деп өтініш жасаған екен. Халық ойланбайды — UEFA сайтынан 50 билет алу мүмкін емес. Бір адамға екі билеттен ғана береді. Сол екі билетті мен сатамын ба, сыйлаймын ба — өз еркім ғой”, — деді ол.

Еспанов желіде өзіне бағытталған пікірлердің орынсыз болғанын айтады.

“Маған ‘билет сатып жүр екен, жұмысы жоқ па’ деп жазып жатты. 50 билет алу мүмкін емес, ал алған күннің өзінде кім қалай пайдаланатынын өзі шешеді — сатсын, сыйласын, бәрібір. Біздің елде іштарлық көп: түсінбейді, бірақ жаза береді. Менің балам билет сатып жан баққан адамға ұқсамайды ғой. Ол өмірінде ештеңе сатып көрмеген бала. Сәкеннің баласы мен менің балам — тұзы жеңіл, бірдеңеге іліне береді”, — деді әнші.

Әншінің бұл жауабы әлеуметтік желідегі дау-дамайға нүкте қойғандай болды.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz