Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Курица болғым келген жоқ": Дариға Бадықова жеке өмірі туралы ел естімеген шындықты айтты (ФОТО)

"Курица болғым келген жоқ": Дариға Бадықова жеке өмірі туралы ел естімеген шындықты айтты (ФОТО)
Liter.kz коллажы

Белгілі актриса және продюсер Дариға Бадықова Forbes журналының тізіміне енгенін хабарлап, бұл жаңалыққа деген жеке көзқарасын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі үшін Forbes-ке шығу – оның көп жылғы еңбегінің нәтижесі. Бірақ актриса бұл жетістік оның ішкі дүниесіне де, сыртқы болмысына да өзгеріс әкелмегенін айтады.

"Forbes-ке шықтым, құттықтап қойсаңыздар болады еңбегім ғой. Бірақ ішімде де, сыртымда да өзгеріс жоқ. Фотоға түскенде де «курица» болғым келген жоқ", – деп жазды Бадықова.

Актриса табиғи болмыстан айнымай, қарапайым қалыпта қалуды дұрыс санайтынын атап өтті. Ол үшін мұндай жаңалықты даңғаза тоймен атап өту немесе арнайы жиын өткізу ойына да келмеген.

"Кеше біреу "балконнан шампанский атып, жұртты жинамадың ба?" деп әзілдеді. Бірақ мен үшін бұл – бір қалыпты жағдай", – дейді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер