Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оқу-ағарту министрі химия, биология және физиканы бір пәнге біріктіруге қатысты шешімін жариялады

Оқу-ағарту министрі химия, биология және физиканы бір пәнге біріктіруге қатысты шешімін жариялады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде жаратылыстану бағытындағы пәндерді бір пәнге біріктіру мәселесіне қатысты министрліктің ұстанымын түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.

11 желтоқсанда Алматыда өткен II халықаралық жас ғалымдар конгресінде пәндерді біріктіру тақырыбы талқыланды.

«Қазір физика, химия және биологияны бір пәнге жинақтау жөнінде қоғамда белсенді пікірталас жүріп жатыр. Алайда Оқу-ағарту министрлігі бұл ұсынысқа қатысты өз көзқарасын нақты білдіреді, әзірге бұл пәндер біріктірілмейді», – деді министр.

Сүлейменова атап өткендей, «физика – физика болып, химия – химия, биология – биология болып қала береді», яғни олардың әрқайсысы жеке пән ретінде оқытыла береді.

«Біздің басты мақсатымыз оқушылардың жаратылыстану ғылымдарын терең әрі жүйелі меңгеруіне жағдай жасау. Сондықтан аталған пәндерді біріктіру жөніндегі реформа тоқтатылды. Тағы да қайталаймын: физика, химия және биология өз мәртебесін сақтап, жеке оқытылатын болады», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда мектеп бағдарламасында алгебра мен геометрияны бір пәнге қосу ұсынылғаны, сондай-ақ жаңа мемлекеттік стандарттың 2026 жылы енгізілуі жоспарланғаны хабарланған болатын.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі