Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

2 адам көз жұмды: Екібастұзда қайғылы жағдай орын алды

2 адам көз жұмды: Екібастұзда қайғылы жағдай орын алды
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында ауыр жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала деректерге сәйкес, 12 желтоқсан күні «Екібастұз – Солнечный ауылы» бағытындағы автожолдың 10-шақырымында тіркемесі бар КамАЗ көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Great Wallмаркалы жеңіл автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан екі көлік те жол жиегіне аударылған.

Апат салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмып, бір адам түрлі дене жарақатымен медициналық көмекке жеткізілді. Қазіргі уақытта КамАЗ жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалып, көліктер арнайы айыптұраққа қойылды.

Аталған дерек бойынша тергеу басталып, жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмауға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.