Жаңалықтар

Қаралы хабар! Елге танымал әнші, Халық әртісі 67 жасында көз жұмды (ФОТО, ВИДЕО)

Қаралы хабар! Елге танымал әнші, Халық әртісі 67 жасында көз жұмды (ФОТО, ВИДЕО)
ашық дереккөзден

, деп хабарлайды kznews.kz.

 Украинаның халық әртісі, белгілі әнші әрі композитор Степан Гига 67 жасында дүниеден өтті. 

Соңғы күндері өнер иесі аяқ ампутациясынан кейін комада болған.

Журналист Виталий Глаголаның айтуынша, ампутация – алғашқы отадан кейін туындаған асқынуларға байланысты мәжбүрлі шара болған. Қатты күйзелістен кейін Гигада қан құрамындағы қант деңгейі күрт көтеріліп, аяқ-қолдағы қан айналымында ауыр бұзылыстар пайда болған.

Бұған дейін УНИАН агенттігі 19 қарашада әншінің ауыр, бірақ тұрақты жағдайда ауруханаға түскенін хабарлаған еді. Ол шұғыл операция жасатқан, алдағы концерттері түгелдей тоқтатылған. Командасы оның барлық қажетті емді алып жатқанын, бірақ диагнозді жарияламағанын мәлімдеген.

Степан Гига 1989 жылы "Бескид" атты джаз-рок тобын құрған. Топ 1991 жылы тарағаннан кейін музыкант аранжировкамен және жеке шығармашылығымен айналыса бастады. 1995-2014 жылдары бес музыкалық альбом шығарды. Оның ең танымал әндерінің қатарында: "Этот сон", "Улыбнись", "Друзья мои" бар.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz