Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Бүйткен мұғалімдігі құрсын”: Оқушыға бор лақтырғаны үшін түсініктеме жазған мұғалім жанайқайын жеткізді

“Бүйткен мұғалімдігі құрсын”: Оқушыға бор лақтырғаны үшін түсініктеме жазған мұғалім жанайқайын жеткізді
Фото: ашық дереккөз

Бұл жағдай туралы мұғалімнің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, әріптесі сабақ барысында бір оқушының мазасызданып, шулауды тоқтатпағанына ашуланып, қолындағы борды лақтырып жіберген. Бор баланың құлағына тиіп кеткен. Осыдан кейін оқушы жылап, анасына шағымданған.

«Бүйткен мұғалімдігі құрысын. Өзім мұғаліммін. Әріптесім сабақта бір бала шулаған соң, қолындағы борын лақтырған. Құлағына тиген. Бала жылап, мамасына хабарласады. Ал мамасы да сөзге тоқтамайтын біреу екен.

Полиция шақырып, жағдайды тым ушықтырып жіберді. Енді әріптесімнен түсініктеме жаздырып жатыр. Қорқып тұрған байғұс жұмыстан шығарылып кетем бе деп дірілдеп отыр», – деп жазды мұғалім.

Оқиға мұғалімдер арасында да, желі қолданушылары арасында да қызу пікірталас тудырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.