Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық қақпашы чемпиондар лигасында Мбаппені басып озды

Қазақстандық қақпашы чемпиондар лигасында Мбаппені басып озды
Фото: Getty images

Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасында бір ойынға шаққандағы сейв саны бойынша көш бастады, деп хабарлайды kznews.kz.

Sofascore порталының мәліметінше, 22 жастағы қақпашының биылғы маусымдағы орташа бағасы 8,9 болып, турнирдегі барлық ойыншылардан жоғары нәтиже көрсетті. Бұл көрсеткіш тіпті Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені Килиан Мбаппенің (8,34) бағасынан да жоғары.

Анарбеков төрт матчта 27 сейв жасап, жалпы көрсеткіште 4-орынға тұрақтағанымен, бір ойынға шаққандағы орташа сейв саны бойынша бірінші орынға шықты. Одан жоғары тұрған Хайкин, Рулли және Куртуа көбірек матч өткізгенімен, олардың орташа көрсеткіші Темірланнан төмен болды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.