Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Назарбаев пен Қонаевтың арасында үлкен кикілжің болды” - Қонаевтың күзет қызметін басқарған генерал

“Назарбаев пен Қонаевтың арасында үлкен кикілжің болды” - Қонаевтың күзет қызметін басқарған генерал
Фото: Ulysmedia.kz коллажы

Қонаевтың жеке күзет қызметін басқарған генерал Амангелді Шабдарбаев Abay Live YouTube арнасына берген сұхбатында Дінмұхамед Қонаев пен Нұрсұлтан Назарбаев арасындағы күрделі қарым-қатынасқа қатысты бұрын беймәлім мәліметтерді бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz Arasha.kz сайтына сілтеме жасап.

Генералдың айтуынша, екі саяси тұлғаның арасында Желтоқсан оқиғасына байланысты үлкен кикілжің туындаған.

Шабдарбаев сол күндерді былай деп еске алады:

"Горбачёв Қонаевқа телефон соғып, Желтоқсан оқиғасын ұйымдастырған сіз деп айтты. Мен дәл жанында тұрдым. Горбачёв: "Димаш Ахмедович, барлық із сізге апарады" деді. Ал Қонаев: "Михаил Сергеевич, мен емес, мен зейнетке кетіп барамын, оған қандай қатысым бар?" деп жауап берді. Телефонды қойған соң қатты ойға батып, алаңдап қалды", – дейді ол.

Генералдың сөзінше, Мәскеуге барған кезде Қонаев өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, кінәні басқа жақтан іздеу қажеттігін айтты.

"Ол кісі: "Мен емес, бұл үшін менің орныма таласқандардан сұраңдар" деді. Сол жерде Нұрсұлтан Назарбаевтың атын атады. Осы сөз Назарбаевтың Қонаевқа деген ренішін күшейтті. Тіпті Қонаев қайтыс болғаннан кейін де оның есімін теледидарда айтқызбай, оқулықтарға енгізбей, жақсы пікір білдіруге мүмкіндік бермеді", – дейді Шабдарбаев.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.