Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Балағат сөз айтып, жау көреді”: Әнші Бүркіт ренішін жеткізді

“Балағат сөз айтып, жау көреді”: Әнші Бүркіт ренішін жеткізді
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Бүркіт қоғамдағы адамдардың мінез-құлқында байқалып отырған өзгерістерге алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, соңғы уақытта адамдардың ашуланшақ, шыдамсыз бола бастағаны анық сезіледі. Ол бір-біріне деген сыйластықтың азайып, тіпті күнделікті тұрмыстық жағдайлардың өзінде сабыр сақтай алмайтындар көбейгенін атап өтті.

«Қазір көлікті тұраққа қойып жатқанның өзінде 10–15 секунд күте алмай, сигнал беріп, адамды шошытады. Бірдеңе болды ма деп қарасаң, артыңнан балағат айтып, жау көргендей қарайды. Аздап шыдамдылық танытып, сабырлы әрі мейірімді болайық. Құрмет көрсетуді ұмытпайық", - деп жазды әнші.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.