Қазақша эссе: Елiм деп соғар жүрегiм

0

Қазақша эссе: Елiм деп соғар жүрегiм казакша Қазақша эссе: Елiм деп соғар жүрегiм на казахском языке

«Шет елде білім алу, шетелдік болып кету деген сөз емес- Отаныңа деген сүйіспеншілікті ешқашан да жоғалтуға болмайды.»
Н. Назарбаев
Жаңа ақпарат

Халықтың қажетіне жарап, ұрпақтар мұратының орындалу жолында қызмет ету әрбір азаматтың міндеті. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет азаматтықтың белгісі. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін –бүгінімен , бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне, игілігіне жұмсайды.
Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең . Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Бүгінгі бақытты өміріміз осындай бабалар арқасы екенін түсініп, үш биіміздей ұлыларды, елім деп еңіреген батырларымызды ұрпақ ешқашан ұмытпауы қажет .
1. Бейнекөрініс 1986жыл Тәуелсіздік .
Тәуелсіздікке жету жолындағы қазақ халқының басынан өткерген тарихи кезеңдері.

1991 жылы желтоқсанда «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» заң қабылданғаны белгілі. Биыл тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтудің арнайы тұжырымдамасы дайындалды. Қазір Қазақстан бүкіл әлем мемлекеттері ішінде өз орнын таба білді. Әлем жұртшылығы Қазақстан мемлекетін мойындады. Алғашында мал бағып жүрген көшпенді халықтың болашағы өркендейді деген ешкімнің ойына да кіріп шықпаған. «Ырыс ынтымағы жарасқан елді төңіректейді» дегендей , Қазақстан қазір ұлттық әл-ауқат жөнінен әлем мемлекеттері рейтингісінде 110 елдің қатарында 50 ші орында тұр. Президент Н. Ә. Назарбаевтың кемеңгер басшылығы арқасында мемлекетті қалыптастыруда ғасырдың жүгін арқалаған уақыттар өтті. Қыруар істер 20 жылда жүзеге асырылды. Ең бастысы-аспанымыз ашық, халық бірлігі жарасқан елміз.

Елім деп соғар жүрегім Мен-патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды, отбасымды сүйемін! Мен — тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Мен өзімді шын патриот санаймын. Кез-келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші — ата-ана тәрбиесі, екінші — ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді-өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол — кітап. Осы құдіреті күшті кітап арқылы біз өзімізді патриот болуға тәрбиелей аламыз.

Мен — қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген,

Мен — қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

Мен — жігітпін,айқасқа, сынға асықпын
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым

Мен — қара көз сұлумын, сайтан қызбын
Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.
Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,
Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.

Осындай боп, білмеймін, кіммен тудым.
Бәлки қайсақ, бәлки бір түннен тудым.
Деп шаттантты біреулер «күннен тудым».
Жоқ, сірә, мен қара күні күннен тудым.

Руым көп солардың аттарындай,
Мінезім бар таулардың қатпарындай.
Ән-жырым бар бабалар хаттарындай,
Әжімім бар бейнеттің таптарындай.

Сәбит Мұхаммад Әли (8-сынып оқушысы)


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!