Қазақша тәрбие сағат: 1 Наурыз — Алғыс айту күні (Ризашылық)

0

Тәбие сағат тақырыбы: Ризашылық
Тәбие сағат мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: — ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
— үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
— әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.
Көрнекіліктері: оқулық, дәптер, сандықша

Барысы:
І. Ұйымдастыру
Ризашылық өлеңін оқу
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Оқушылар тізбектеліп, бір — бірлеріне тілек білдіріп шығады.

ІІ. Кіріспе.
«Орынын тап» ойыны
Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.

Шаңырақ – күн,
Уықтары — нұр, шашқан.
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.
Жарқырайды темірқазық жұлдызы,
Жол көрсетіп, алға бас — деп, Қазақстан! (Герб)

Ыстық дейді оны оттан,
Патриот оны ұнатқан.
Оңбайды бұл өмірде,
Адам оны жоғалтқан. (Отан)

Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,
Әдемі мекен екен, жанға жайлы.
Тентектік істеп қойсаң, әке — шешең,
Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)