Қазақша сынып сағат: Expo 2017 — Қазақстанның болашағы
Сынып сағаттың мақсаты:
Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін
ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне
мақтаныш сезімін ояту.
Өткізілу формасы: зерттеу жұмысы ретінде
Көрнекілігі: ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері және сайыс бөлімдерінің тапсырмалары туралы карточкалар.
Барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Бүгін өткізгелі отырған «Экспо 2017 – Қазақстанның болашағы» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер! Бәрімізге белгілі 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды.
Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Келесі кезекті оқушылардың зерттеу жұмыстарына берсек.
Диана: Халықаралық көрмелердің тарихы
Алғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2012 жылы 161 жыл толыпты. Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып,
ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге
белгіленді.
Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі. Мысалы, соңғы Сарагосадағы өткен EXPO-2008 көрмесінің тақырыбы: «Су және тұрақты даму» болды. Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ғана емес, басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс. Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекті Халықаралық мамандырылған көрме 2017 жылы болады.
Нурсултан:
Қазақстан мен EXPO 1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше-ел болып табылады.
Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады. Экспо Сарагоса Көрмесінің нәтижесінде, қатысушы «C» категориялы елдер ішінде, Қазақстан Республикасы жүлделі үшінші орынды алып, қола медальмен
марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, осындай шараның Астана қаласында өткізу маселесін, алғаш рет Экспо Сарагоса көрмесіне ресми сапары кезінде айтқан болатын.
К.Диана
Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы мәліметтер:
«EXPO 2005, Аичи» Жапония
• Келушілердің саны: 370 000 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 324 ш.м.
• Тақырыбы: «Табиғат даналығы»
«EXPO 2008, Сарагоса Испания Корольдігі
Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі безендіру критерийлері бойынша Қолажүлдеге ие болуы;
• Келушілердің саны: 361 500 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 590 ш.м.
• Тақырыбы: «Су және тұрақты даму»
«EXPO 2010, Шанхай» Қытай Халық Республикасы
• Келушілердің саны: 446 000 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 1500 ш.м.
• Тақырыбы: «Астана – Еуразия жүрегі»
Ақжол:
Қазақстанның астанасы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды. Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.
Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада альтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар альтернативтік күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және
Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды.
Салидат:
Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру
барысында Астана ЭКСПО—2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.
Аружан:
2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО—2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізужөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады.Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
О.Алишер:
ЭКСПО —2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін.
Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.
ІІІ. Қорытынды.
Мұғалім: ЭКСПО — ның пайдасы қандай?
Баламалы энергия көздері бойынша ғылыми зеттеулер жасап жүрген ғалымдарымыз үшін маңызды.Халықаралық көрме барша әлемге осы саладағы қазақстандық ақыл- ойдың қуаты мен әлеуетін паш ететін болады.Бұдан басқа, ЭКСПО нысандары үшін жол салу,қоғамдық көлік, коммунальдық шаруашылық, әуежай, вокзал тәрізді инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді.Бұл дегеніңіз жаңа жұмыс орындары.Екіншіден, Астана мен оның маңындағы аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек.Үшіншіден,елімізге шетелдік туристер ағыны күшейетіні белгілі.Көрмеге үш айда 100 елден 5 млн. адам (күн сайын 50 мыңдай) келеді деп күтілуде.Төртіншіден,ЭКСПО болашақта Қазақстанды ірі несиелер құюға болатын
халықаралық ақпараттық- экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді.
EXPO-2017 өткізу астанамыздың да, тұтас республикамыздың да экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына қосымша ынталандырушы күш болмақ. Дамуға деген жаңа, әрі айтарлықтай екпінге астана мен шектес аумақтардың
шағын және орта бизнестері де ие болады, әсіресе ең алдымен – халыққа қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі мен ішкі туризм салалары. Бұл шара көрме нысандарының құрылысы мен астананың инфрақұрылымына жеке инвестициялардың көлемді бөліктерін тартуға мүмкіндік береді.
Көрме әлемді көп ұлтты мәдениетпен, ежелгі тарихпен, өнермен, дәстүрмен және қазақстандықтардық қонақжайлылығымен таныстыратын болады, ал бұл өз кезегінде Қазақстанның туристтік тартымдылығының танымалдығын арттырады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 15 қаңтарындағы №11 Қаулысына сай «Астана EXPO—2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы құрылған. «Астана EXPO—2017» Ұлттық компаниясы» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары:
— Астана қаласында мамандандырылған халықаралық ЭКСПО—2017 көрмесін өткізуді дайындау және өткізу;
— мамандандырылған халықаралық ЭКСПО—2017 көрмесі аяқталғаннан кейін ЭКСПО—2017
нысандарын пайдалану және қолдану болып табылады.
Ұлттық компанияның басты міндеті тіркелетін құжаттамалардың мазмұндық бөліктерін дайындау, ЭКСПО—2017 территориясында инфрақұрылымдар мен нысандарды жобалау және олардың құрылысын жүзеге асыру.
Ұлттық компанияның басты міндеті тіркелетін құжаттамалардың мазмұндық бөліктерін дайындау, ЭКСПО—2017 территориясында инфрақұрылымдар мен нысандарды жобалау және олардың құрылысын жүзеге асыру. 2013 жылдың шілде айында Астана қаласында Мамандандырылған халықаралық ЭКСПО—2017 көрмесінің жаңа белгісіне ұлттық онлайн дауыс берудің қорытындысы жасалды.
Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша мамандандырылған халықаралық ЭКСПО—2017 көрмесінің
жаңа белгісі Астанада бекітілді — «Жел энергиясы».
Сынып сағатымызды «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтаймыз.