Қазақша диктант: Қазақ тілі | Шоқан Шыңғысұлы

0

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Шоқан Шыңғысұлы казакша Қазақша диктант: Қазақ тілі | Шоқан Шыңғысұлы на казахском языке

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Ол қазіргі Қостанай облысында 1835 жылы туған. Балалық шағы Сырымбет тауының бауырында өткен. Өз әкесі-Шыңғыс, ұлы атасы — Уәлихан. Арғы атасы — Абылай.

Шоқан Сырымбетте халықтың қайнаған ортасында болды. Ол жас күнінен тарихи өлең, жыр, аңыз әңгімелерді қызыға тыңдап, құлақ түріп өскен.

Ол Құсмұрын бекетінде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын жазып алған. Сырымбетте аңыз, жырлар сюжетіне сурет салатын болған.

Шоқан табиғатынан алғыр, зерек болған. Ол қазақ мектебінде оқып арабша хат таниды. Содан кейін орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.

Ол Омбыда кадет корпусында оқыған. Шоқанның ісі өлмейді. (100 сөз)