«Әуесқой Аспазшылар» сайыс

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Технология Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Барлық сыныптар

оқушыларды өздеріне қызықты іспен шұғылдануына мүмкіндік беру. оқушылар сайыс бойынша өздерін бас аспаз есібінде сезініп, түрлі тағамдар дайындайды.

Мақсаты:
Студенттердің өзге мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, аспаз мамандығы туралы білімдерін пысықтау;
Студенттерді жан-жақтылыққа, өнерге, шеберлікке тәрбиелей отырып,
көпшілік алдында ойын еркін айтуға үйрету;
Студенттердің шығармашылық идеяларын дамыту, ерекше қабілеттерін насихаттау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тағамға байланысты мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, әртүрлі суреттер.

Байқаудың барысы:
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар
Бүгінгі өткелі отырған Әуесқой Аспазшы 2017 байқауына қош келіпсіздер.

1-жүргізуші: Көрсетсін өздерінің өнерлерін,
Табындырып өнерге көрерменін.
Таныстырып өтейін мен ендеше,
Сайыстың қатысушы өрендерін–дегендей, бүгінгі сайысқа түскелі отырған
Жас аспазшыларымызды ортаға шақырайық.

Фермер шаруашылығы 1 тобының студенттері
Бранов Рақымжан
Мұратов Заманбек
Электронды есептеуіш машинасының операторы тобының студенттері
Мусин Дастан
Шаймардан Жоламан
Электр газымен дәнекерлеуші 2 курс тобының студенттері
Темірханов Заманбек
Заңғалиев Азат
Электр газымен дәнекерлеуші 3 курс тобының студенттері
Құспанов Әділ.
Молдагереев Ақылбек

1-жүргізуші: Әуесқой Аспазшы 2017байқауын өткізудегі басты мақсаты:
-Шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау.
-Оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.
-Студенттердің ой еркіндігі мен шығармашылық шеберлікке тәрбиелеу
-мамандықтар арасындағы өзара тәжірбие алмасуды дамыту , студенттердің көпшілік алдында шығып, ойын еркін айтуға, сахнада өзін-өзі еркін ұстауға үйрету. Колледжішілік Әуесқой Аспазшы 2017 байқауының жеңізпаздарын жариялау.

1.жүргізуші: Қазір ортаға ең тапқыр, ең батыл, ең білімді, ең дарынды,
Жас аспазшымыз шығып отыр, олар алдымызда өздерінің таланттары мен шеберліктерін, білімдері мен біліктерін ортаға салады.
Ал енді сайысқа қатысушылардың реттік санын жеребе тастау арқылы анықтайық.

1-жүргізуші: Әділдікпен баға берер баршаңа,
Әділдікпен қара қылды жаруға
Әділ-қазы алқаларын сайлайық
Үздіктерді таңдап бүгін алуға — деп, бүгінгі байқауымыздың әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Директордың өндірістік оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Бауыржан Қалиев.
2. Колледжіміздің бас аспазы Жанар Ақташева.
3. Аспазшы мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Жарқын Мұңайтпасова.

1.-жүргізуші
Байқау шарттарымен таныс болыңыздар. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңнің іріктеуінен өткен 4 оқушы екінші кезеңге қатыса алады.

Бірінші кезең шарты:
Таңғы көңіл жұмыртқа қуыру.
Әдемі әлем бутерброд дайындау.
Екінші кезең шарты:
Дәрумендер себеті салаттар дайындау.
Ас болсын макарон дайындау.

1- жүргізуші. Осындай тапқыр достар кез–келгенде,
Жетсін–ау , жарыстарға жеңгенге не.
Қарсылас болған менен, достарсыңдар,
Тілейміз, ізгі тілек сендергеде- деп, сайысқа қатысушы студенттерімізді қошемет көрсетіп , сайысты бастау үшін Аспазшы зертханасына барайық.

Бірінші кезең
1.-жүргізуші
Табылар бойларынан кемер білім,
Арқалап келіп тұрған өнер жүгін.
Бүгінгі дәмді тағам салаттардан,
Көреміз сайыскерлер шеберлігін- дегендей, сайыстың бірінші шарты бойынша
Таңғы көңіл жұмыртқа қуыру бөліміне кезек береміз.
Ендеше іске сәт сайыскер аспазшылар!

1.-жүргізуші Сайысымыздың шарты бойынша бұл кезеңде
Аспазшыларымыз берілген тапсырмаға сәйкес жұмыртқа қуырып, дайындаған тағамына ат қойып, жасалу жолдарын қазылар алқасына түсіндіріп өтсін.

1-жүргізуші Сәт сапар тілеп бәріңе,
Бутерброд сайысын бастайық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып- деп , сайыскерлеріміз бутерброд дайындаудан шеберлігін танытатын Әдемі әлем бөлімімізді бастаймыз.

1-жүргізуші Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Ең әдемі бутербродтар жасапты,
Сайыскерлер бір-бірімен таласып-
дегендей, аспазшыларымыздың дайын өнімін әділқазы алқаларына бағалауға жіберейік.

1.-жүргізуші Ал енді жүзден жүйрік- мыңнан тұлпар болып шыққан
Сайыскерлеріміздің бүгінгі нәтижелерін білу үшін, сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.

Екінші кезең
1.-жүргізуші. Құрметті сайыскерлер екінші кезеңге қатысуларыңызбен құттықтаймын.
Екінші кезең шарты:
Дәрумендер себеті салаттар дайындау.
Ас болсын макарон дайындау.

1.-жүргізуші. Аспазшы үлкен мамандық,Тамағы тілді үйірген.Сыйлайтын жанға денсаулық,Өнерді түйген түйіннен. – деп екінші кезеңнің алғашқы бөлімі Дәрумендер себеті салаттар дайындауды бастаймыз. Сәттілік серік болсын сайыскерлер!
1.-жүргізуші. Қолыңыздан тараған,Керемет дәм мен көңіл-күй.Бақ, байлық сізге тілесін,Дәм татқан сізден әрбір үй- деп екінші кезеңнің екінші бөлімі Ас болсын макарон дайындауды бастайық. Дайындаған тағамдарымыз әділқазылар алқасын таңғалдыратынына сенімдімін. Ендеше іске сәт жігіттер.

1.-жүргізуші Ал ендеше Үздіктердің үздігі болған, шеберлікпен шыңға жеткен жеңімпазды анықтау үшін сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.

1.-жүргізуші
Бүгінгі жеңістеріңіз құтты болсын. Сайыскерлерімізге әрдайым ақ жол к тілейміз. Ең талантты, ең шебер әркезде өзім деп біліңіздер. Сау болыңыздар.

Қаратөбе колледжі МҚКК

Келісемін:Бекітемін:
Директордың өндірістік-оқу жұмысы Колледж директоры:
жөніндегі орынбасары: _______________ _______________ М. А. Салахаден
Б.М. Қалиев

Әуесқой Аспазшылар 2017
сайысы

Дайындаған: өндірістік оқыту шебері
Ж.А. Таттигалиева


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.