Біз — бейбітшілікті қолдайтын, қамтамасыз ететін елміз
НАЗАРОВ Есенжол Асылбекұлы,
«Нұр Отан» партиясы Тұран филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Елдің іргесі берік, тұғыры биік болу үшін биліктің жүргізіліп отырған идеологиясы мықты болуы керек. Идеологияны әрине, саяси партиялар арқылы іске асыратындығымыз анық. Біз көппартиялы әрі бәріне ортақ құқық берілген мемлекетпіз.
Тұңғыш Президенттің: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жон теріңді сығып жүріп, еңбек ет! Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа!»,- дегені «Нұр Отан» партиясының әрбір жас мүшесін «Мен өз елімнің, тәуелсіз елімнің азаматымын! Осы атқа лайық болу үшін жақсы маман атанып, еліме қызмет етуім керек!» деген ұстаныммен тәрбиелеуіміз керек екенін көрсетсе керек.
Партия қоғам мүшелерін белгілі бір ұстанымына, көзқарасы мен позициясына қарай топтастырып, маңызды оқиғалар орын алғанда өзіндік көзқарасын білдіріп қана қоймай, билік тарапына да өз талаптарын орындата алады. Біз бұның жарқын үлгісін кешегі сайлаудан көрдік.
Сайлауға үміткер ретінде 7 кандидаттың қатысуының өзі саяси бәсеке барын байқатты. Кандидаттардың барлығы бағдарламаларында елдің дамуына, халықтың әл-ауқатының жақсартуға мән бергендігі, рухани байлығымыздың да назардан тыс қалмағандығы қуантты. Дауыс берушілердің белсенділігі, өз елінің тағдырына алаңдаушылықтың көрінісінен де Отанға деген сүйіспеншілікті байқадық. Біз рухы мықты елдің ұрпағы екендігімізді көрсетіп, ауызбіршілігімізді көрсете білдік. Бұл да үлкен жеңіс деп білемін.
Президентімізге елдігімізді сақтау жолындағы қазақ елінің тәуелсіздігін тұғырлы етуге жасайтын еңбегіне сәттілік тілеп, бір кісідей қолдайық дегім келеді.