Педагогикалық процесті басқарудың ғылыми негіздері туралы
Кіріспе
Педагогикалық процесс қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі болып табылады. Ғылым мен техниканың дамуы, əлемдік бəсекелестік, экологиялық қиындықтар, т.с.с. факторлар осы заман талабына сəйкес келетін мамандар дайындау, қоғам мүшелерін тəрбиелеу бағытында келелі проблеммалар қойып отыр. Мұндай жағдайда педагогиканың негізгі принциптері жаңа ғылыми жетістіктермен толықтырылып отырылуы қажет. Қазіргі кезде ең күрделі жүйе болып табылатын ашық жүйе туралы біраз заңдылықтар тағайындалды. Бұл жаңалықтар ғылымның əр саласында (физика, химия, биология, экономика т.б.) тағайындалды. Орнықты, үнемі даму процесіндегі ашық жүйенің негізгі күйі өзқауым күй. Өзқауым теориясын синергетика деп атайды. Қазіргі таңда синергетика тірі жəне өлі табиғатағы күрделі құрылымды жүйелерді басқару жəне танымдылық методологиясына айналды. Синергетика табиғаты кезкелген əртүрлі ашық жүйелердің дамуының əмбебап заңдылықтарын іздеуге бағытталған. Синергетика тұжырымдары арқылы педагогикалық процесті зерттеудің нақты мысалдары алғаш рет (біздің ғылыми-педагогикалық əдебиетті талдау нəтижеміз бойынша жəне [7,8,9] жұмыстар бойынша) З.Ж. Жанабаевтың жұмыстарында көрсетілді. Синергетиканы қолдану педагогиканың белгілі функционалдық – құрылымдық жалпы теориясын дамытады. Негізгі жаңалық – педагогикалық процесс нəтижесін болжауға мүмкіндік туады.
1. Педагогикалық процестің жəне өзқауым күйдің заңдылықтарының сəйкестігі
Педагогика – адамды оқыту жəне тəрбиелеу мақсатына бағытталған ғылым , ол əрдайым қоғамның дамуымен үндес. Қазіргі қоғам негізгі қасиеттері бойынша ашық (тұйықталмаған) болып келетін күрделі динамикалық – информациялық жүйені құрайды. Ашық жүйе қоршаған ортамен затпен, энергиямен алмасуымен қатар информациямен алмасады. Табиғат туралы ғылымдарда информацияның мағынасы симметрияның бұзылуымен жəне процестің ықтималдық сипатымен байланысты. Ал əлеуметтік жүйелерге қатысты информация ұғымы қоғамға қажетті білім, мағлұматтар жиынын құрайды. Информация түсінігінің басты ерекшелігі мынада: кезкелген хабар (сигнал) информация тудырмайды, информация сигналға көрсетілген қарастырылып отырған объектің реакциясы (қайырымы). Информация түсінігі əлі күнге дейін даму үстінде. Қажет болғанда біз бұл ұғымды тереңірек талдап отырамыз.
Əлеуметтік жүйелердің табиғи жүйелерден негізгі айырмашылығы əлеуметтік жүйелер таза информациялық жүйе болып табылады, яғни олар информация алмасуынсыз өмір сүре алмайды.
Педагогикалық процесс те күрделі əлеуметтік жүйелердің эволюциясы секілді өзқауым процесінің барлық қасиеттеріне ие. Педагогикалық жүйенің əрбір элементі (оқушы, педагог, топ т.с.с.) ашық информациялы ішкі жүйелерді құрайды. Сондықтан да қазіргі педагогикада күрделі объектілерді танудың жəне басқарудың ғылыми əдістерін қолдануға болады. Бұның маңыздылығы күрделі педагогикалық процестерді алдын ала болжау (диагностика, прогностика), басқару үшін олардың себептері мен механизмдерін толық жете талдауға мүмкіндік беруінде.
Ғылымда белгілі өзқауым жүйелердің заңдылықтарын педагогикалық жүйелерді басқаруға қажетті мынадай ұқсастықтарды көре аламыз: макроскопиялық қасиет – педагогикалық жүйе ішкі жүйелерден тұратын күрделі құрылым; бейсызықтық – педагогикалық жүйелердің барлық бөлігі өзара тығыз байланыста; əркелкілік ішкі жүйелердің даралығы, ерекшеліктерінің болуы; тұйықталмағандық өзара информация алмасуы; стохастылық – педагогикалық заңдылықтардың статистикалық табиғаты; құрылымдылық – жаңа сапалы функционалдық сипаттаманың бөлінуі; иерархиялық – педагогикалық процестің көп деңгейлігі; квазистационарлық – педагогикалық жүйе күйінің динамикалық сипаты; өзсəйкестік педагогикалық процестің өзінің нəтижелерінің жүйеге кері əсер етуі.
Күрделі жүйелердің қасиеттерінің бірі – иерархиялы құрылымдылық қасиетін оқытудың көпдеңгейлілігімен салыстырып қарасақ, біздің елдегі оқыту мектепке дейінгі оқыту, орта білім беру, бакалавриат, магистратура, доктарантура деңгейлерінен тұратындығына сəйкес келеді.
Оқытудың көп деңгейлі жүйесінде бір деңгейден екінші деңгейге өту үшін міндетті түрде білім деңгейлерін бақылауды, алдын ала жоспарлауды яғни білім деңгейінің бəсекеге қабілеттілігін тексеруді қажет етеді. Біз төменде осы мəселеге жоғарыда айтылған теориялық қағидаларды қолданудың мысалын келтіреміз.
2. Студенттердің оқу – ғылыми жетістіктерін бағалаудың жаңа ғылыми негізделген əдістері
Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды оқушы жастарды бір деңгейден екінші деңгейге бағыттауға сұрыптаудың педагогикалық технологиясын ұсыну мақсатында зерттеулер жүргіздік. Біздің мақсатымыз магистратура бөліміне ұсыну үшін рейтинг көрсеткіші жоғары студенттерді анықтаудың ғылыми негізін ұсыну.
Магистратура бөліміне түсу жастарды ғылымға бағыттаудағы алғашқы баспалдақ екендігі белгілі. Бакалавриатты бітірген студенттердің арасынан нақты ғылыммен айналысатын жастарды таңдап алу өзекті мəселе. Қазіргі кезде GPA көрсеткіші төмен студентер де магистратура бөліміне құжаттарын тапсырып емтихандарға қатыса алады, олардың кейбірі ағылшын тілінен жоғары балл жинап, нəтижесінде сол бір ғана көрсеткішпен магистратура бөліміне өтуі мүмкін.
Біз магистратура бөліміне ұсыну үшін мысал ретінде бітіруші екі мамандық «Техникалық физика» (1 сурет) жəне «Астрономия» (2-сурет) мамандықтарындағы студенттердің 15 сипаттама бойынша рейтингтерін анықтадық. Сипаттама ретінде ретінде бакалавриат бөліміндегі пəндердің GPA бағалары алынды. Төменде «Техникалық физика» мамандығы студенттерінің нəтижелері кесте түрінде көрсетілген.
- жалпы білім беретін пəндер (Шет тілі, 4 семестр: 1.1, 1.2, 1.3, 1.4)
- міндетті пəндер (2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5, 2.6)
- мамандыққа байланысты профильдік пəндер (3.1, 3.2)
Сонымен қатар компьютерлік сауаттылықтары (4), ғылыми жарыстардағы нəтижелері (5), бойынша жəне жалпы бакалавриат бойынша GPA (6 ) баллдары арқылы рейтингтері анықталды.
Біз ұсынып отырған əдіс бойынша студенттің рейтингі ретінде ғылымда белгілі күрделілікті (анықталмағандықты) сипаттайтын бірден-бір функция информацияның орта мəні – информациялық энтропия (К. Шеннон энтропиясы) алынды:
1-ші жəне 2ші суреттегі алынған диаграммаларда энтропияның əр студентке қатысты өзгеруі көрсетілген. Энтропия көп болса студенттің рейтингі көп. Əр мамандықтың өз ерекшелігі бар, демек орта энтропияда өзгеше болады. Əр түрлі мамандықтарға сəйкес энтропияларды салыстыруға болмайды. Конкурс əр мамандық бойынша жүргізілуі тиіс. Берілген орын санына сəйкес энтропия мəні жоғары болатын студенттер іріктелініп магистратураға ұсынылады.
Қорытынды
Біз педагогикалық процесті бақылау жəне басқару үшін ашық жүйе туралы ғылымның негізгі түсінгі – информацияны қолдана білудің аса тиімді екендігін көрсеттік. Ұсынылып отырған ғылыми – педагогикалық жаңа бақылау технологиясы сенімді əрі қарапайым болып табылады. Бұл ғылыми əдіс əмбебап əдіс, оны ғылымда, оқу процесінде жəне де қоғамдық басқа құбылыстарға да қолдануға болады. Рейтингтiк жүйенi ары қарай жетiлдiру қойылған жаңа мақсаттардың мазмұнын ескеретін сипаттамалар тізімін сайлап алумен байланысты.
Сонымен, [1-7] жұмыстарда негізделген жаңа технологияларды оқу – тəрбие жəне ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру, бақылау, басқару үшін жəне бiлiмнің, əлеуметтік сфераның барлық салаларында тиімді пайдалануға болатындығын көрдік.
Әдебиеттер
- Жанабаев З.Ж. Можно ли оценить знание рейтинговой системой и тестированием? // Вестник высшей школы РК. – –№ 1. – С. 98-103.
- Жанабаев З.Ж., Хмель Н.Д. Синергетическая сущность педагогического процесса // Поиск. –1996. – №1. – С.61-64.
- Жанабаев З.Ж. Синергетика знания: научные основы оценки учебной деятельности. – Алматы. КазГУ. –1999. – 38 с.
- Жанабаев З.Ж., Мукушев Б.А. Синергетика в педагогике. – Алматы: Достижения молодых, 2002. – 128 с.
- Жанабаев З.Ж., Иманбаева А.К. Конкурентоспособность образования: Реформа на научной основе//Кредитная система обучения. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – С.13-24.
- Жанабаев З.Ж. Научные основы оценки образовательной и творческой деятельности в высшей школе// Университеты XXI века: инновации и новые технологии. – Алматы: Қазақ университеті, – Т. 1. – С.298-302.
- Жанабаев З.Ж. Системный менеджмент качества // Матер. ХХХIХ научно-методической конф. проф.-преп. состава КазНУ им. аль-Фараби. – Алматы: Қазақ университеті, – С. 137-142.
- Курдюмов С.П., Князева Е.Н. Синергетика и новые подходы к процессу обучения // Синергетика и учебный процесс. – М.: Издательство РАГС, 1999. – С.8-18.
- Копаев О., Симонов С. Синергетический подход в педагогике http://bmsi.ru/doc 8 () 2007, 20 июля 2007 РОССИЯ
- Фирсова С.П. Синергетический подход к изучению и моделированию образовательного пространства //Журнал«Фундаментальные исследования». – № 8 за 2011 год (часть 3).
Автордың аты-жөні, тегі: Ю.С.Мануйлов, М.С.Нурханова