"Қоржынға екінші қола түсті" – Абылайхан Жұбаназар үздік үштікте
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа жыл қарсаңында мұғалімдерге сыйақы беріле ме?

Жаңа жыл қарсаңында мұғалімдерге сыйақы беріле ме?
Фото: ашық дереккөз

Жаңа жыл қарсаңында мұғалімдерге жаппай сыйақы төлене ме деген сұраққа Оқу-ағарту министрлігі жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Министрліктің түсіндіруінше, мемлекеттік мерекелер алдында берілетін сыйақы әрбір білім беру ұйымының жылдық бюджетіндегі үнемделген қаражатқа тікелей байланысты. Қазіргі таңда білім беру саласында вертикальді басқару жүйесі қалыптасқан, яғни әр аудандық білім бөлімінің қаржысы дербес жоспарланады. Ел бойынша 8 мыңға жуық мектеп бар, ал 220 аудандық білім бөлімі осы оқу орындарының жылдық қаржылық есептерін қабылдап, жаңа жылға арналған бюджет көлемін бекітеді.

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтің айтуынша, басқару формасы өзгеріп, шаруашылық жүргізу құқығына ие болған мектептерде оң тәжірибе байқалады. Мұндай білім беру ұйымдарында мемлекеттік мерекелер қарсаңында педагогтерге белгілі бір мөлшерде сыйақы төленіп келеді.

«Сыйақылар тек мектеп бюджетінде үнемделген қаржы есебінен ғана беріледі», – деді комитет төрағасы.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.