Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әйелінің еміне несие алып, бірақ аман алып қала алмаған жалғызбасты әкеге маскадағы жігіт үй сыйлады (ВИДЕО)

Әйелінің еміне несие алып, бірақ аман алып қала алмаған жалғызбасты әкеге маскадағы жігіт үй сыйлады (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Еркебұлан – тағдыр сынын жалғыз көтеріп жүрген әке. Өзі де, кішкентай қызы да 2-топтағы мүгедектікпен өмір сүріп келеді. Жалдамалы үй – олардың ұзақ жылдар бойғы жалғыз баспанасы, деп жазады kznews.kz.

Еркебұлан неврологиялық дертпен күрессе, қызы эпилепсиядан жапа шегеді. Оның даму кешеуілдеуі бала кезінен байқалған. Дәрігерлер қыздың дертін емдеу тек Оңтүстік Корея мен Үндістанда мүмкін екенін айтып, қажетті соманы 10 миллион теңге деп көрсеткен.

Еркебұлан күнделікті нан ақысын курьер болып тауып жүр. 2022 жылы ол ең ауыр қасіретті бастан өткерді. Жұбайы ми ісінуінен көз жұмған. Оны аман алып қалу үшін алған 2 миллион теңге несие де көмектесе алмаған.

Марқұм әйелін Еркебұлан әлі күнге дейін сағынышпен еске алады, кейде түсіне кіретінін айтады.

Осындай ауыр кезеңде маскалы жігіт Еркебұланға үлкен қолдау көрсетті. Ол қызының еміне қажетті ақшаны түгел беріп, оларға жаңа үй сыйлады.

Бұл көмектің Еркебұлан мен қызына тек материалдық емес, моральдық жағынан да қайта үміт сыйлағаны сөзсіз.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер