Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда тауда жоғалған тағы екі адамның денесі табылды

Алматыда тауда жоғалған тағы екі адамның денесі табылды
Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматының Медеу ауданында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Құтқарушылар теңіз деңгейінен шамамен 3 700 метр биіктікте орналасқан "Локомотив" шыңы маңынан екі адамның мәйітін тапты.

Бұған дейін осы топтағы тағы бір адамның қаза тапқаны анықталған еді. Осылайша, оқиға салдарынан үш адам көз жұмды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, хабар түскен сәттен бастап "Мыңжылқы" бөгеті ауданында жедел штаб құрылып, іздестіру жұмыстарына Алматы төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері, құтқару қызметтері, полиция, Альпинизм федерациясы мен еріктілер жұмылдырылған. Сондай-ақ операцияға "Қазәуеқұтқару" тікұшағы тартылды.

– Құтқарушылар дрондар, металл іздегіштер, іздеу зондтары мен арнайы құралдарды қолданған. Қолайсыз ауа райына байланысты марқұмдардың денеcі жаяу "Медеу" құтқару бекетіне жеткізіліп, кейін полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, қаза болғандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Жалпы іздестіру-құтқару жұмыстарына шамамен 80 адам, 12 техника бірлігі, 4 кинологиялық есептоп және 4 ұшқышсыз ұшу аппараты қатысты.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.