Қазақстаннан шыққан жолаушылар автобусы Ресейде апатқа ұшырады
Жол апаты бүгін таңертең болды – автобуста 17 адам отырған
АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Қазақстаннан Ресейдің Екатеринбург қаласына бара жатқан автобус жолда аударылды. Апат Астана уақытымен таңғы тоғызда Екатеринбург — Шадринск — Курган жолының 60-шы километрінде болды, деп хабарлайды РИА Новости.
«Бастапқы деректер бойынша, автобус жүргізушісі Қазақстан – Екатеринбург бағдарымен келе жатып (салонда 17 адам болған), рөлге ие бола алмай, жыраға түсіп кеткен. Автобус бір қырына аударылып қалды», — делінген хабарламада.
Апат кезінде 1985 жылы туған жолаушы зардап шекті. Миы шайқалып, басы мен қолы жараланған әйелді Свердлов облысы Белоярск ауылындағы ауруханаға жеткізген.
Автобуста 42 адам тірідей жанып кетті
Естеріңізге сала кетсек, 17 қарашада Саратовтан Ульяновск қаласына бара жатқан автобус теміржол өткелінде пойызбен соқтығысып қалды. Салдарынан автобуста болған бес өзбек азаматы ажал құшқан. Екі қазақстандық – жүргізуші мен оны алмастырушы – ауруханаға түсті. Кейінірек жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.