«Сайлауға бар, селфи жаса деп мәжбүрлемейміз»: Нұр-Сұлтандықтар сайлауға қатысты қайда шағымдана алады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мәселелерін талқылауға арналған брифинг барысында қала әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары Азамат Ахметжанов биыл мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлерді ешкім де сайлауға мәжбүрлеп апармайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Азамат Ахметжанов биыл ешкім де мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлерді белгілі бір кандидатқа дауыс бер деп қинамайтынын жеткізді. 

«Меніңше, біз биыл ешкімді сайлауға бар деп мәжбүрлемейміз. Алайда біз барлығын сайлауға атсалысуға шақырамыз. «Барып, дауыс беріңіздер» деп айтатынымыз анық. Бірақ селфи жасап, өзіңді қинап бар дегендей болмайды», — дейді Азамат Ахметжанов. 

Десе де қазақстандықтар осындай жайсыз жағдаймен кез келіп жатса, Ikomek қызметіне хабарласып, шағымдануларына болады. 

«Сол жерден көмек сұрай аласыздар. Себебі, сол жерге келіп түскен шағым әкім аппаратына жетеді. Біз шақырамыз, бірақ ешкімді мәжбүрлемейміз», — деп қорытты ол. 

stan.kz