Қазақстанда жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп күтілуде — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр жауып, көктайғақ болады. 6-8 сәуір аралығына ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай дейді.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Суық атмосфералық фронттың шығысқа жылжуының салдарынан елімізде, әсіресе орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр, сулы қар және көктайғақ болады деп болжанып отыр. Сонымен қатар республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр, бұршақ жауып, күн күркірейді. Таулы аймақтарда қар көшкіні қаупі сақталады.
Фронттың артынан ығысып жатқан антициклон Қазақстанның өзге аймақтарында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының бүкіл аумақта климаттық нормадан төмен болуына алып келеді деп күтіледі.
stan.kz