Қызылорда облысында тікұшақ күйреді: Үш адамның мәйіті табылды — Қазақстан жаңалықтары
Ми-8 тікұшағы Қызылорда облысында апатқа ұшырады. Оқиға орнынан үш адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Оқиға орнынан үш адамның мәйіті табылды. Олардың тұлғасы анықталған жоқ. Тікұшақтың қалдықтары 500 метрдей жерде жатты», — деп Қазақпараттың тілшісіне хабарлады.
Оқиға орнына жедел жәрдем 33 минутта жеткен.
«Жалағаш ауданы, 211-317 станциясының ауданында тікұшақтың күйрегені жайлы ақпарат 103 пультіне 27 наурызда сағат 17:42-де түсті. Жалағаш бөлімінің шақыруына 17:43-те бригада барды. Олар оқиға орнына 18:16-да, яғни 33 минутта жетті. Сондай-ақ оқиға орнына жедел жәрдемнің үш бригадасы кетті», — деді басқарманың баспасөз қызметі.
Естеріңізге, сала кетейік 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Тікұшақ басқа төрт әскери тікұшақтармен топ құрап, Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан. «Алтын Жебе» атты арнайы бөлімдердің оқытуы әрі кешенді тексерісі болған соң, тікұшақтар бір қаладан екінші қалаға ұшуды көздеген.
Президент Тоқаев қайғылы оқиғада қаза тапқандардың жанұясына көңіл айтып, тергеу жұмыстарын бастауды бұйырды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz