Саид Баязитов | өмірбаяны

0

Саид Баязитов (1929–1981) Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. Ұлты татар болғанмен, шығармаларын қазақ тілінде жазды. 

1953 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын бітірген. 

1953–1957 жж. орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, 1957–1961 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Қызылордадағы облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі, 1961–1963 жж. Мәскеудегі Жоғары әдебиет курсының тыңдаушысы болған.

1954 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан балаларға арналған «Күтпеген кездесу» деген алғашқы әңгімелер жинағы жарық көрді. «Арал Робинзондары» (1956), «Балақалам» (1959) әңгімелері, 1960 жылы ересектерге арналған «Тюльпандар гүл шашқанда» әңгімелері, «Хрусталь алқалар» (1965), «Айдарлыдағы кездесу» (1967) атты повестері, «Алтын кілт» әңгімелер жинағы (1976) шыққан.