Курстық жұмыс: Педагогика | ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ

0

Мазмұны

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………..6-7
І ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1 Қазіргі мектептегі білім берудің жүйесінің мәні,міндеттері және принциптері…………………………………..8-10
1.2 Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім және тәрбие беру жүйесі………………………………………10-12
1.3 Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім берудегі мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты……………………………..13-15
ІІ ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ.
2.1 Қазіргі мектептегі білім берудің педагогикалық озат тәжірибені зерттеу…………………………………………..16-18
2.2.Қазіргі мектептегі білім берудің педагогикалық озат тәжірибені жинақтау және тарату………………………………………………18-20
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………..21-22
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………….25-27
V ҚОСЫМША ……………………………………………………………………………………..28-29

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Білім беруді дамыту тұжырымдамасы бұдан әрі –Тұжырымдама/ мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми –теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конститутциясына, “Білім туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Ғылыми туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Қазақстан-2030” стратегиясына, “Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына”, “Білім” мемлекеттік бағдарламасына, баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғарғы білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзілік конвенцияның декларациясына , Болоньядағы Еуропа елдері білім министрлері кеңесінің, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер білім министрлігінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінің жанындағы білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалығы жөніндегі кеңестік конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзірленді.
Тұжырымдама білім беруді жалпы ұлттық басымдық ретінде белгілейді және мемлекеттің Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды әрі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім беруді басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
Осы Тұжырымдамаға сәйкес оны іске асыру жөніндегі бағдарлама әзірленетін болады.
Тұжырымдаманың құрылымы мыналарды қамтиды:
ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар;
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері;
білім берудің деңгейлері мен мазмұны;
Тұжырмдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер;
Тұжырымдаманы іске асырудың кезеңдері.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі кездегі білім беруді оқушыларды оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін, адамгершілік нормаларын халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту.
Зерттеу объектісі:
Оқушыларын қазіргі кездегі білім беруді оқыту негізінде өңделген сабақтармен, ұлттық ойындар арқылы оқыту, тәрбиелеу және дамыту.
І ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1 Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр – салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Міне, осыған орай, Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін еске түсірген жөн. Олар:
— жеке адамның рухани және күш қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік, негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
— азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның хұқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай – ақ Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
— Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
— Жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;
— қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр – салтын оқып – үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін іске асыруда кейбір факторлардың ықпалын ескерген жөн. Олардың бірі – қоғамдық өндірістің дамуы және оның ғылыми – техникалық негіздерін жетілдіру. Қоғамдық өндірістің үдемелі ғылыми – техникалық деңгейін көтеру жеке адамның және техникалық білім алу сапасына барынша ықпал жасайды, білім беру жүйесін жоғары сатыға көтереді және үнемі дамытуды талап етеді.
Осыған орай, егеменді Қазақстан жағдайында жалпы білім және тәрбие беретін мекемелер желісінің ұлғая түсерікәсіптік – техникалық, арнайы орта және жоғары оқу орындарының жаппай мамандар дайындау жөніндегі ролі одан әрі арта беруі тиіс.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордың да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларға тиісті дайындықпен мектепке оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасына және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата – аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1. Қазақстан Республикасы барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі.
Бұл принципке сай Қазақстан Республикасының әрбір азаматы әлеуметтік және мүлік жағдайына, ұлтына, жынысына, тіліне, ұстайтын дініне қарамастан білім алуға құқы бар.
2. Білім берудің мемлекеттік стандарттары шегінде білім беру қызметттерінің теңдігі.
Әр түрлі үлгідегі білім беру мекемелерінің бітірушілеріне қойылатын талаптардың қажетті ең аз деңгейін анықтайтын мемлекеттік стандарттарды республика үкіметі жасап бекітеді.
3. Меншік түрлері, қызмет ету бағыттары, тәрбие беру мен оқыту түрлері бойынша білім беру мекемелерінің әр түрлі болуы (мемлекеттік, жеке меншіктік және аралас болуы мүмкін).
4. Білім беру процесінің осы саладағы сатылардың сабақтастығын қамтамасыз ететін үздіксіздігі.
Бұл барлық білім беру саласындағы мекемелерде, әсіресе бастауыш, орталау және орта мектептерде білім берудің сабақтастығын соған байланысты қисындылық бірізділігі мен жүйелілігін қамтамасыз етеді.
5. Білім берудің ғылыми сипаты, құқылық және экономикалық бағыты.
Ғылымның, техниканың, мәдениеттің жаңа табыстарының негізінде білім беруді ғылыми бағытта үнемі жетілдіру. Білім беру мекемесі заңды ұйым, оның өзіндік мүлік болады, өз атынан мүліктік емес, құқыққа ие болады. Білім беру мекемесі айналадағы табиғи ортаны қорғайды, оның үнемі жақсарып отыруына белсенді көмектеседі.
6. Білім берудің озыңқы дамуы.
Халық шаруашылығының барлық салаларының жетілуі білім берудің озыңқы дамуына байланысты. Білім беру ісі неғұрлым ғылым негізінде тиімді ұйымдастырылса, өндіргіш күштердің халықтың материалдық жағдайының дамылсыз өсуіне игі әсер етеді.
7. Білім беру жүйесіндегі басқару демократизмі.
Халыққа білім беру ісінің шешуші шарттарының бірі демократиялық жолмен басқару. Демократияландыру – бұл білім беру мекемелердің ведомствалардан, жергілікті мұқтаждықтардан құтылып, қоғамның және жеке адамның мүддесіне бет бұруы, қоғамдық күштерді білім беру ісін басқаруға қатысуы. Білім беру мекемелері мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның білім алу жөніндегі тілектерін орындайды.
8. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім берудің зиялылық сипаты.
Барлық оқу орындарында және халық арасында оқыту мен тәрбиенің зиялылығын сипаттау, табиғат құбылыстарын, қоғамдық өмірді ғылыми – материалистік көзқарас негізінде түсіндіру, халық мәдениетіне зиян келтіретін ымырашылықпен, жоққа нанушылықпен күресу.
9. Ақиқат білім алуға кедергі болатын саяси және идеологиялық ықпалдан білім берудің тәуелсіздігі.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік – қоғамдық сипатта болады. Республикалық Білім министрлігі, оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты жүзеге асырады. Барлық білім беру мекемелері ешқандай партияның бірігушілер одағының саяси және идеологиялық ықпалын басшылыққа алмайды.
1.2 Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім және тәрбие беру жүйесі.
Бұл мәселе жөнінде Қазақстан Республикасының Заңында толық түсініктеме берілген. Бірақ халыққа білім және тәрбие беру мекемелерінің желісін және мазмұнын қысқаша баяндау қажет сиқты.
Білім беру жүйесі мынандай құрылымнан тұрады:
Үйелмендік тәрбие. Үйелмен жеке адамның жан – жақты және үйлесімді дамуына жауапты. Балалардың үйелменде тәрбиеленуі білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарымен ұштасады.
1. Жергілікті білім беру органдары мен мекемелер, ғылыми – зерттеу инситуттары, қоғамдық бірлестіктер, еңбек ұжымдары біріге отырып, оқыту мен тәрбие жұмысын жақсартуда ата – аналарға, одан алмастыратын адамдарға үйелмен тәрбиесі жайында көмек көрсетеді, жағдайлар жасайды.
2. Мектеп жасына дейінгі тәрбие. Мектеп жасына дейінгі тәрбие балалар мекемелерінде жүзеге асырылады. Мұнда балалар 3 жастан 6 жасқа дейін тәрбиеленеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды үйелменде тәрбиелеуге үкімет көмектеседі. Ол үшін ата – аналарға өтем төлемдері беріледі.
3. Жалпы орта білім. Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты — әржақты дамыған, адамгершілік мол, жеке өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетінің жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдалана алатын, зиялылыққа тән қасиеттерді бойына сіңіре алатын адамды тәрбиелейді.
Жалпы білім беретін орта мектептің құрылымы баланың ер жетуіндегі жас ерекшелігінің үш кезеңіне (балалық шақ, жеткіншек шақ, жасөспірімдік шақ) сәйкес орта мектеп үш сатыдан тұрады:
1. Бірінші саты – бастауыш мектеп (І – ІVсыныптар).
2. Екінші саты — негізгі мектеп (І – ІХсыныптар).
3. Үшінші саты – жалпы білім беретін орта мектеп (І – ІХсыныптар).
4. Мектептен тыс тәрбие мен оқыту. Балалардың қабілеттілігі мен бейімділігін дамыту, қоғамдық белсенділігін арттыру, еңбекке, кәсіби бағдар беруге, ғылым мен техникаға, өнерге, әдебиетке, спортқа, ұлттық дәстүрлерге құштарлығын тәрбиелеу, олардың мәдени демалысын, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мақсатында осы жұмыстардың бәрін мектептен тыс білім және тәрбие беру мекемелері ұйымдастырады. Мұндай мекемелерге: балалар клубтары мен парктері, балалар кітапханалары, балалар театрлары кең кино, жас техниктер, жас натуралистерстанциялары, балалар стадиондары, спорт, музыка мектепері және мектептен тыс басқа да балалар мекемелері жатады.
Балаларға мектептен тыс білім және тәрбие беру мекемелері мектептерге жан – жақты көмек көрсетеді, мектептермен біріге отырып, оқушыларды әржақты жұмысқа тартады. Мектеп оқушылары ауыл шаруашылық тәжірибелік және табиғатты зерттеу мен қорғау жұмыстарына, әр түрлі байқаулар мен сайыстарға, слеттар мен көркемөнерге қатысады. Мысалы, жас натуралистер станциясы ауыл шаруашылығына және табиғатқа бейімділігін, қызуғышылығын көрсете білген оқушылар үшін үйірмелер, жас натуралистер, жас механизаторлар, жас метеорологтар, жас агрохимиктер қоғамдарын ұйымдастырады.
Жас натуралистер қозғалысын оқушылар арасында кеңінен дамыту үшін станция мына мақсаттарды алдына қояды:
а) жергілікті жағдайды есепке алып, ғылыми – зерттеу мекемелерімен, ауыл шаруашылық өндірісінің мамандарымен бірігіп, тәжірибелік жұмыстың тематикасын, жүргізудің әдістемесін жасау, оларды барлық мектептерге тарату;
ә) оқушылардың теориялық білімдеріне және ғылыми қызметкерлердің көмектеріне сүйене отырып, ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алу, өсімдіктердің жаңа сорттарын зерттеу, мал продуктыларының сапасын арттыру;
б) натуралистік жұмыстарды жүргізудің озат тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату;
в) селолық мектептердің жанындағы оқу – тәрбие участкелерінің және оқушылардың өндірістік бригадаларының жұмыстарына нақты ғылыми — әдістемелік көмек көрсету.
Жас техниктер станциясында оқушылар әр түрлі үйірмелерге (автоматика, радиоэлектроника, транспорттық техника, құрылыстық техника, кино және фото техника, химия т.б.) қатысып, өздерінің техникалық ойлау қабілетін жетілдіреді.
Жас техниктер станциясының негізгі міндеттері:
а) жастарды техника саласындағы қоғамдық пайдалы еңбекке дайындауды жалпы білім беретін мектептерге тұрақты көмек беру;
ә) оқушылардың мектепке математика, физика, химия, география пәндерінің алған теориялық білімдерін өндіріспен тығыз байланыстыру.
Сонымен, барлық мектептен тыс білім және тәрбие беру мекемелерінің жұмысы өздерінің ережелері мен бағдарламасына, оқушылардың өз іс — әрекеттеріне негізделе жүзеге асырылады. Мектептен тыс мекемелер өздерінің іс — әрекеттерін мектептермен тығыз байланыстыра ұйымдастырады. Тәрбие және білім беру жұмыстарын осындай принциптерді негізге ала отырып жүргізудің нәтижесінде, оқушылардың түрлі іс — әрекеттерінде қызығушылығы мен бейімділігі байқалады, таным қабілеті дамиды, саналы тәрбие, терең және тиянақты білім алу жолындағы күресте белсенділігі артады. Міне, осылардың нәтижесінде олардың өмірге, дүниеге ғылыми көзқарастары кеңиді, қалыптасады.
Мектептен тыс халыққа білім және тәрбие беру жүйесіне саяси мәдени – ағарту мекемелері де кіреді. Оларға кітапханалар, клубтар, әлеуметтік – саяси орталық, кино, театрлар, түрлі көрмелер мен музейлер, спорт мекемелері жатады. Бұл мекемелер саяси және мәдени – ағарту жұмыстарын жүргізіп, уағыздайды.
Мәдени – ағарту мекемелерінің басты міндеттері:
а) үкіметтің қаулы – қарарларын қалың бұқара арасында түсіндіріп насихаттау;
ә) халыққа эстетикалық және дене тәрбиесін беру жайлы тікелей көмектесу.
Мәдени – ағарту мекемелерінің қызметкерлері осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен, ересек жастардың жалпы және кәсіби сауаттылығын, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін, қоғамдық және еңбек белсенділігін арттыруда жан – жақты көмек беріп, игі әсерін тигізеді.
5. Кәсіптік – техникалық білім. Халық шаруашылығын барлық салалары үшін қажетті маман жұмысшы кадрларды дайындау мәселесі кәсіптік – техникалық училищелерде жүзеге асырылады. Бұлар кәсіптік және жалпы орта білім беретін оқу мекемелері.
Білікті жұмысшылар дайындау жоғары кәсіптік – техникалық лицейлер мен техникалық гимназияларда іске асырылады. Бұл оқу мекемелерінде өз мамандығын шеберлікпен меңгере алатын, қазіргі заманғы өндірістің, ғылым мен техниканың талаптарына сай келетін жас мамандар даярланады.
6. Орта арнаулы білім. Қазақстан Республикасының азаматтары орат арнаулы оқу орындары арқылы кәсіптік білім алады. Негізгі сатыны бітірген оқушылар кәсіптік біліммен бірге толық орта білім алып шығады. Орта арнаулы оқу мекемелеріне әр түрлі техникумдар, педагогикалық, медициналық, әскери т.б. училищелер жатады.
7. Жоғары білім. Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академиялардажәне соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.
Арнаулы білім мекемелері. Бұлардың бірнеше түрлері бар.
Жетім балалар, ата – аналарынан қорғансыз қалған балалар жалпы білім беретін мектеп – интернаттарында, балалар үйлерінде тәрбие мен білім алады.
Сонымен, мұғалімнің қандай болса да педагогикалық еңбекке жарамдылық деңгейін анықтау үнемі жаңарып және жетілдіріп отыруды қажет етеді.
1.2 Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім берудегі мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты.
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс — әрекетіне дайындау – мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта немесе жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.
Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға нақтылы түсінікпен абстарктілі ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушалардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша ооқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндеті – оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.
Ұстаз бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін — өзі жан – жақты дамыту үшін саяси – идеялық дәрежесін, ғылыми – теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе – күн жетілдіріп отыруға талаптанады.
Мұғалім өз мамандығына байланысты ғылыми – теориялық мәселелері, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарға сәйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан – жақты дамытып, тәрбиелеуге шамасы келмейді. Социологтардың зерттеу мәліметі бойынша институтты бітірген инженерлердің білімі 6 – 8 жылдардан кейін ескереді. Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін мұғалім үнемі ізденіп жұмыс істейді. Сондықтан оның шығармашылық іс — әрекеттері, мысалы, арнаулы әдебиеттер мен пәндік журналдарда жарияланатын тың мәселелермен таныс болуы, ғылыми семинарлар мен конференциялаларға белсене қатысып үлес қосуы ой — өрісін кеңітеді.
Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озат педагогикалық тәжірибені заман талабына сай меңгеру – оқушыларға білім мен тәрбие берудің негізгі көзі.
Қазіргі кезеңде ғылымның соңғы табыстарына негізделіп мектеп өмірінде жүзеге асырыла бастаған және асырылатын ең басты мәселелер: оқытудың политехникалық принципі; арнаулы факультативтік курстар; бағдарламалап және диференциялдық оқыту; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбектің оқу мен тәрбие жүйесінде алатын орны; кәсіптік бағдар беру; техникалық құралдарды, компьютерлерді, оқыту машиналарын кеңінен қолдану т.б. болып отыр. Осы мәселелерді іс жүзіне асыру мұғалімнің тікелей психологиялық және педагогикалық білім деңгейіне байланысты. ………

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!