Жер сілкіну құбылысы және түсініктері слайд,презентация — География
Жер сілкіну құбылысы және түсініктері слайд,презентация
Алматы қаласының төңерегінде алғашқы қиратушы жер сілкінісі – XIX ғасырдың соңы және XX ғасырдың басында тіркелді.
Айта кетсек, 9 маусым 1887 ж., сағат 04-35 те қиратушы жер сілкінісі Верный қаласында (М =7,3 , I = 9-10 бал); 12 шілде 1889 ж., сағат 03-14 те қиратушы жер сілкінісі Шелекте (М =8,3 , I = 10 бал); 4 қаңтар 1911 ж., сағат 04-25 те қиратушы жер сілкінісі Каменскде (М =8,2 , I = 11 бал); Қазақстанның 450 шаршы км аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аймақтарда 6,5 млн. нан астам халық тұрады (40 пайыз өндіріс орындары осы аймақта орналасқан).
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30 %-ы шоғырланып, тұрғын қорының 35%-ы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады.
Негізгі литосфералық плиталар: Евразиялық, Үнді-Австралиялық, Африкалық, Тынық-мухиттық, Солтүстік-Америкалық.
Біздің аймақтағы сейсмикалық қозғалыстар таулардың көбеюімен байланысты.
Евразиялық және Үнді-Австралиялық техтоникалық плиталардың соқтығысуынан бұдан жүз мыңдаған жыл бұрын әлемнің ірі таулық жүйесі: Гималай, Тибет, Памир, Тянь-шань тауларының қалыптасуы басталды.
Жыл сайын жер бетінде 100 мыңға жақын жерсілкінісі болып тұрады, дегенмен олардың көпшілігі әлсіз, оны аспаптар көмегімен ғана сеземіз
Шамамен 1 мың әлсіз жер сілкінісінің біреуі күшті болады.