Қазақша тәрбие сағат: Ауған саоғысы (Ауғанстан — жүректегі жара)
Тәрбие сағат Мақсаты:
Тәрбие сағат Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.
Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбие сағат Тәрбиелігі: Тәуелсіздік жолында күрескен аға — апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатӘдісі: еске алу сабағы
Тәрбие сағатКөрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.
Тәрбие сағат бағдарламасы:
1. Отан туралы өлеңдер (еліміз туралы видеоролик)
2. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама (видеоролик)
3. «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» (көрініс)
4. Ауғанстан соғысының ардагері Қалджанов Қошық Жүзбайұлы туралы мәлімет (Слайд)
5. Күй «Кероғлы»
6. «Тәуелсіз Қазақстан» (видеоролик)
7. Қорытынды
Сабақ жүрісі: Ашылуы
Жүргізуші — Қайрат:
Сол Ауғанда талай досты жерледік
Қарлы шыңға күн түн демей өрледік
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік
Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!
Нұрсейіт: Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер төркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған,- деп — Әнұран?!
Әнұран орындалады.
Жүргізуші — Қайрат:
Соғыс жан алып – жан беру
Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына байланысты
«Ауғанстан — жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Жүгізуші — Ақмоншақ:
1989 жылы, Ақпан айының 15 — де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.
(Еліміздің табиғаты туралы слайд көрсетіледі.)
Гүлжайна: Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін
Достым, білгің келе ме?
Рахымжан: Отан — сенің ата — анаң
Отан — досың, бауырың,
Отан — өлкең, астанаң,
Отан — аудан, ауылың.
Отан — тарих, Отан — тіл,
Жасаған елің, өз халқың!
Отан — өлең, Отан — жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан — осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан деп өсіп жан — жағың,
Оны ардақтап, сүйе біл!