Еліміздің бірқатар өңірлерінде мектептерде сабақ тоқтатылды
Сабақ қатты аязға байланысты өтілмейді.
6-ақпан күні Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Астана мектептерінде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар білім бөлімінің ақпаратынша, бірінші ауысымда білім алатын 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Ауа температурасы минус 30° төмендеп, желдің жылдамдығы секундына 7 метрге жеткен.
Ал Қостанайда сынап бағанасы 32° дейін төмендейді деп күтіліп отыр. Бірінші ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-курс студенттеріне сабақ тоқтатылған.
«6-ақпан. Ауа температурасы -24-26°. Желдің жылдамдығы секундына 4-5 метр. Сабақ 0-4 сынып оқушыларына өтілмейді»,- делінген Қарағандының Білім бөлімінің сайтында.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/